Алма туралы қызықты мәліметтер
Алма – банан және мангодан кейінгі, әлемдегі ең танымал жеміс түрі. Ол туралы көптеген ақпарат белгілі болғанына қарамастан, сіз білмейтін деректер жеткілікті.
Алма жайлы 25 мәлімет
- Әлемде алманың 7500 түрі өсіріледі. Ең басты өңдірушілер: АҚШ және Қытай.
- Тарихшылардың айтуы бойынша, алманың пайда болған жері, қазіргі Алматы қаласының аумағы.
- Алманы қабығымен қоса жеген дұрыс. Қабықтың құрамында, ас қорытуды жақсартатын пайдалы элементтер бар.
- Ең ұзақ өмір сүріп жатқан алма ағашы – Америкада. Ол ағаш 1647 жылы отырғызылған.
- Алманың дәндерінде, цианид деп аталатын, адам өлтіретін у бар. Сондықтан, оны шамадан тыс жемеу керек.
- Ол суда батпайды, өйткені ол 20%-ға ауадан тұрады.
- Жеміс беретін ағаштардың әрбір екіншісі – алма ағаштары.
- Бір алмада 70-100 калорий болады.
- Дәстүрлі медицинаға сәйкес, қызыл алмалар – жүрек және қан тамырларын, жасыл – тіс және оның еттерін, ал сары – иммунитетті көтереді.
- Алманың кесілген жері тез қарайып кетсе, демек бұл жақсы жеміс.
- Ежелгі Грекияда алманың ағашын, Аполлон құдайымен байланыстырған. Сондықтан, оның ағылшынша атауы – «apple».
- Археологиялық мәліметтер бойынша, алғашқы алманың ағашын 8500 жыл бұрын отырғызған.
- 2005 жылы Жапонияның жергілікті тұрғыны, 1,848 кг алманы өсіріп шағарды.
- Құрт жеген алмадан қорықпаңыз, құрт тек табиғи және піскен жемістерді жейді.
- Исаак Ньютонның тартылыс заңы, ғалымның басына алма түскен соң пайда болды.
- Ұлыбританияда 21 қазан – Алма күні болып саналады.
- Зерттеулерге сәйкес, алмалар – онкологиялық аурудың алдын алуға көмектесетін жемістер.
- Алманың құмарымда А, В1, В6, Е, С, Р витаминдері бар.
- Жер бетінде, алманы өсіретін бақтардың жалпы аумағы – 5 миллион гектар.
- Гастрит және асқазанның ойық жарасы ауруларымен ауратын адамдарға, бұл жемісті жеуден бас тарту керек.
- Ол қандағы холестериннің мөлшерін азайтады.
- Адам бір жылдың ішінде, шамамен 65 алма жеп қояды.
- Ұлыбритания елінде, «күніне бір алмадан жеп отырсан, дәрігерге барудан аулақ боласын» деген мақал бар.
- Орта ғасырда, шыршаларды алмалармен безендірген.
- Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі «Apple» деп аталады.
Керемет??
Көп рақмет. Шығармашылық табыстар тілеймін. Ғылыми жобада оқушыларға көп көмегі тиетініне сенімдімін.