Қытай туралы қызықты мәліметтер

Қытай туралы мәліметтерді ұнатпау мүмкін емес. Балалар да, ересектер де, бұл мемлекет жайлы деректерге қызуғышылық танытады. Өйткені, қазіргі Қытайдың көптеген құпиясы бар.

 25 мәлімет

  • 100 миллион адам күніне 1 долларға ғана өмір сүреді.
  • Елдің 70%-ы көзілдірік киеді.
  • Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар, АҚШ-тан да көп.
  • Қытай – өлім жазасына кесілген адамдардың саны бойынша әлемдік көшбасшы.
  • Жыл сайын шамамен миллион аборт тіркеледі.
  • Қытайда тұратын бай адамдар өзіне ұқсайтын адамды тауып, оны қажет болған жағдайда, өзінің орнына түрмеге жібереді.
  • 1973 жылы елдің билігі, демографиялық дағдарыстың алдын алу үшін, АҚШ-қа 10 миллион әйел ұсынды.
  • Бұл елдің полициясы иттердің орнына қаздарды пайдаланады.
  • Ресми түрде бұл мемлектек діни ел болып саналмасада, онда 54 миллионнан астам христиан, 29 миллион мұсылман өмір сүреді.
  • Бұл мемелекет әлемнің ең көне цивилизациясы болып саналады.
  • Сан-Франциско қаласындағы ауаның ластануының 29% – ы осы мемелекеттің кінәсі.
  • Бұл ел әлемде көлемі жағынан 4 орында. Планетада тұратын әрбір бесінші адам – осы елдің азаматы.
  • Қытайда ақ түсті аза тұту (траур) кезінде қолданады.
  • Ең үлкен жол кептелісі шамамен 100 шақырымға созылып, 11 күнге дейін жетті.
  • Мереке кезінде қызыл түс қолданылады.
  • Ол елде көкөністерді шикідей емес, пісіріп немесе жылытып жейді.
  • Отбасының бас мүшесі еркек емес, күйеуінің немесе әйелінің апасы болып табылады.
  • Еңбек демалысы бір уақытта, Жаңа жыл алдында басталады.
  • Қытайлықтар қатты дауыстап сөйлейді. Бұл олардың әдепсіздігінің белгісі емес, мәселен қалаларда үнемі үлкен шу тұрады.
  • Жұбайлардың ажырасуы бұл елде сирек кездеседі.
  • Өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі кездеседі.
  • Порохты алғашқы болып осы ел жасады.
  • Сәттілік символы жарқанат болып табылады.
  • Тамақ түрлерінің көбісі күріштен жасалады.
  • Олар күн сәулесінен аулақ болуға тырысады, беттерінің терісі сары болғанын қалайды.

Ұқсас: Қыз туралы мәліметтер

Ежелгі Қытай туралы деректер

  • Қағазды ежелгі қытайлықтар алғашқы болып жасаған.
  • Олар ежелде (1000 жыл бұрын), футболға ұқсас ойын ойнаған.
  • Бұл өркениет шамамен 6000 жыл бұрын пайда болды.
  • Саңырауқұлақтар – ежелгі қытайлықтардың сүйікті тағамы.
  • Ежелгі Қытайда ең құрметті символ айдаһар болып саналған.
  • Бұл заманның өкілдері айна үйді қорғайды деп сенген.
  • Түсағдар (компас) осы елде жасалды.
  • Бұл ежелгі мемелекетте төсектер орталықтан жылытумен қамтамасыз етелген.
  • Ақ шай – ежелгі қытайлықтардың сүйікті сусыны.
  • Бұл мемелекеттің ойшылдары, философияның дамуына елеулі үлесін қосты.

Ұқсас: Темекі шегудің зияны

Қытай тілі жайлы 10 дерек

  • Бұл тілде 1,4 миллиард адам сөйлейді.
  • Қытай тілі ең көне тілдердің бірі болып саналады.
  • 100 мыңға жуық иероглифтан тұрады.
  • Әлемде Қытай тіліндегі пернетақта жоқ.
  • Бұл тіл Гиннестар Рекорд кітабына енген.
  • Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі болып саналады.
  • Ол тілде «иә», «жоқ» деген сөздер жоқ.
  • Қытай тілінің әліпбиі жоқ.
  • Қиындықтар туралы айтатын иероглифта, шатырдың астында тұрған екі әйелдің бейнесі тұр.
  • Бұл тілде сөйлейтін адамдардың есту қабілеті өте дамыған.

Ұлы Қорған туралы мәліметтер

  • Ұлы Қытай қабырғасының жалпы ұзындығы 8851 км 800 м.
  • Қорған – әлемдегі ең ұзын жасанды құрылым болып табылады.
  • Бұл ғимарат әлемдегі ең ұзын және ең үлкен зират.
  • Ұлы Қорған космостан көрінеді.
  • Қытай қабырғасының құрылысына шамамен 2 мың жыл жұмсалды.
  • 2004 жылы қабырғаға 41,8 миллионнан астам турист келді.
  • Тас блоктарын жасау кезінде күріш ботқасы пайдаланылды.
  • Б.з.д. 221 жылдан бастап салына бастады.