Өмірбаян жазу үлгісі

Өмірбаян – адамның өз өмірінің негізгі кезеңдерін рет-ретпен баяндауы. Бұл құжатты жұмысқа тұрғанда, оқу орнына түскенде немесе әскери комиссариаттан өткен кезде кадр бөлімі сұратады. Құжаттың дайын үлгісін осы сайттан жүктеп алуыңызға болады.

Жұмысқа тұруға

Мен, Орынбаев Ахмет Алаярович 27.05.1992 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін.

1999 жылы қыркүйек айында Талдықорған қаласының №65 орта мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. 2008 жылы аталған оқу орнының 9-сыныбын бітірдім.

2008 жылдың қыркүйек айында Орта Азиялық экономикалық колледжіне оқуға түстім. 2011 жылы аталған колледждін «Қаржыгер» мамамдығын тәмамдадым.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін ЖШС «Алматы Су» слесарь болып жұмыс істедім.

2013 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылып Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы 5546 бөлімінде әскери борышымды атқыш лауазымында атқардым.

2014 жылы мамыр айында әскери міндетімді атқарып қатардағы жауынгер атағымен оралдым.

Отбасы жағдайым – үйленген. 2015 жылы 10 қыркүйекте некеге тұрдым.

Жұбайым: Бакенова Арайлым Қанатовна 10.06.1995 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Уақытша жұмыссыз.

Ұлым: Орынбаев Мақсат Ахметұлы 18.05.2016 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. №95 орта мектептің 1-сынып оқушысы.

Мен және менің жақын туыстарым сотты болмағанбыз.

Тұрғылықты мекен-жайым: Талдықорған қ., Төле би көшесі 4, пәтер 52. Ұялы телефоным: 87012233444.

Өмірбаянды жүктеу