Жер туралы қызықты мәліметтер

Жер – біздің галактикамыздағы ең бірегей планета. Бұл ғаламшар –  көптеген құпияларды жасырады. Ғалымдар Жерді мыңдаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, оның барлық процестерін толық түсіну қиынға соғып тұр. Дегенмен, біздің планетамыз туралы таң қалдыратын қызықты мәліметтер жеткілікті.

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Жер жайлы 25 қызықты мәлімет

  1. Негізінде, 1 тәулікте 24 сағат емес. Жер өз осін айналу үшін 23 сағат, 56 минут және 4 секунд қажет.
  2. Күн сайын ғаламшарда шамамен 200 мың адам дүниеге келеді.
  3. Тұзды су – барлық судың 97 пайызын құрайды. Әлемде тек 3% су ғана ішуге жарамды.
  4. Жердің бүкіл тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген.
  5. Планетамыздың жасы 4,54 миллирад жылды құрайды.
  6. Әрбір секунд сайын әлемде 2 адам өледі.
  7. Әлемдегі мұхиттардың 95 пайызы зерттелмеген.
  8. Күн сайын 8,6 миллион найзағай соққысы орын алады.
  9. Планетамыздағы ең құрғақ жер – Құрғақ алқаптар (Мак-Мердо). Бұл шөл далада екі миллион жыл бойы жаңбыр жауған жоқ.
  10. Жердің ядросының температурасы, Күннің температурасымен тең. Ол 5500 градус Цельсийді құрайды.
  11. Жер бетіндегі алтынның 99 пайызы оның ядросында орналасқан.
  12. Ғаламшардағы жанартаудың 90 пайызы судың астында.
  13. Тынық мұхитының көлемі жалпы Жер аумағынан үлкен.
  14. Эверест тауы планетаның ең биік нүктесі, ал Мариан шұңғымасы ең терең нүктесі болып саналады.
  15. Ай – Жердің жалғыз серігі.
  16. Қытайдағы ауаның ластануы соншалықты, оны тіпті ғарыштан да көруге болады.
  17. Антарктидадағы мұздар – Атлант мұхитындағы судың мөлшерімен бірдей.
  18. Жылына 100 миллион акула өлтіріледі.
  19. Ең жоғары температура 1922 жылы 57,8 ° С құрады.
  20. Жыл сайын континенттер 2 сантиметрге жылжып отыр.
  21. 300 жылдан кейін барлық жануарлардың 75% астамы жоғалып кетуі мүмкін.
  22. Ғаламшардың барлық адамдарының жартысынан көбі, қарды өз көзімен көрмеген.
  23. Адамдар тыныс алатын ауаның 80% – ы азот және тек 20% -ы ғана  оттегі.
  24. Бойы ең жоғары халық нидерланддықтар, ал ең кішкентайы жапондықтар деген тұжырым бар.
  25. Жердің Күнді айналатын жылдамдығы – 107,826 км/сағ.

Ұқсас: Адам туралы қызықты мәліметтер