Адам туралы қызықты мәліметтер

Адам – біздің планетамыздағы ең ғажайып жаратылыс. Біз тек қана интеллектуалдық қабілетімізбен ерекшеленбейміз. Біздің миымыз кез-келген компьютерлік бағдарламадан гөрі күшті және күрделі. Бұл мақалада – адамдар туралы ең қызықты мәліметтер жайлы білетін боласыздар.

АДАМ ТУРАЛЫ 40 МӘЛІМЕТ

Ұқсас: Қыз туралы мәліметтер

  1. Ағзада өмер сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 кг құрайды.
  2. Орташа есеппен, 4 жастағы бала тәулігіне 450 сұрақ қояды.
  3. Адамның миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
  4. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет – бұл тіл.
  5. Адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы ұзындығы шамамен 100 мың километрді құрайды.
  6. Адамның аузында шамамен 40 мың бактерия бар.
  7. Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда тезірек соғады.
  8. Адамның миында 1 секундтың ішінде 100 мың химиялық реакция жасалады.
  9. 7 айға дейін бала бір уақытта дем ала алады және тамақ жұта алады.
  10. Біздің басымыздың сүйегі 29 түрлі сүйектен тұрады.
  11. Статистика бойынша, оңқай адамдар, солақайларға қарағанда 9 жылға көп өмір сүреді.
  12. Адамдардың шамамен 2/3 бөлігі, сүйіскен кезде басын оң жағына қисайтады.
  13. Ұйқы кезінде көрген түстеріміздің 90% – ын ұмытып қаламыз.
  14. Адамдар – арқасымен ұйықтайтын жалғыз жаратылыстар.
  15. Орташа алғанда, адамға ұйықтау үшін 7 минут қажет.
  16. Әлемде 7% солақай ғана бар.
  17. Өмір бойы өсірген шашының ұзындығы шамамен 725 километр.
  18. Ағзадағы жалпы кальцийдің 99% – ы тісте.
  19. Саусақтағы тырнақтар, бақайдағы тырнаққа қарағанда шамамен 4 есе жылдам өседі.
  20. Адамның жүрегінің мөлшері, оның жұдырығымен тең. Ересек адамның жүрегінің салмағы 220-260 грамм.
  21. Туылған кезде баланың денесінде шамамен 300 сүйек, ал ересек кезінде 206 ғана.
  22. Ересек адам тәулігіне 23 мың рет дем алады (дем шығарады).
  23. Ұшақпен ұшу кезінде адамның шаш өсу қарқыны екі есе көбейеді.
  24. Орташа есеппен, адам 24 сағат ішінде 4 800 сөз айтады.
  25. Неміс зерттеушілерінің айтуы бойынша, дүйсенбі күні инфарктың болу мүмкіндігі басқа күндерге қарағанда жоғары.
  26. Ашық көзбен түшкіру мүмкін емес.
  27. Егер біз 20 Гц-ден аз жиілікті ести алатын болған жағдайда, өз бұлшықеттеріміздің қозғалысын естуіміз мүмкін еді.
  28. Адамның саусақ іздері сияқты, тілдің іздері де бірегей.
  29. Өмір бойы өндірген сілекейіне, бірнеше бассейнді толтыруға болады.
  30. Күн сайын адам 60-тан 100-ге дейін шаш жоғалтады.
  31. Ғалымдардың айтуынша, бауыр 500-ден астам қызмет атқарады.
  32. Түнде адамның миы, күндізгіден әлдеқайда белсенді.
  33. Ғалымдардың айтуы бойынша, IQ деңгейі жоғары адамдар түс көп көреді.
  34. Мидың 80% – ы судан тұрады.
  35. 2000 баланың біреуі тіспен туады.
  36. Аурудың 90% – ы стресске байланысты.
  37. Адам басы кесілгеннен кейін 15-20 секунд ішінде саналы түрде болады.
  38. Адам ағзасында әрбір минут сайын 3 000 000 жасуша өледі.
  39. Әлемдегі ең көп таралған қан тобы – бірінші.
  40. Беттегі шаш басқа жерге қарағанда жылдамырақ өседі.

Ұқсас: Қытай туралы қызықты мәліметтер