Мінездеме жазу үлгісі
Мінездеме – оқушының немесе студенттің психологиялық және әлеуметтік қасиеттерін бейнелейтін құжат. Жаңа оқу орнына ауыстыру кезінде немесе түрлі секцияларға жазылу үшін талап етілуі мүмкін.
Оқушыға
Қарағанды қаласының №17 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жүнісов Азамат Маратұлына
Жүнісов Азамат Маратұлы жоғарыда аталған мектепте 1-сыныптан бастап оқиды.
Азамат өте іздемпаз оқушы, өз мақсатына жетуге тырысады. Сабырлы, парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді. Құрдастарымен «ортақ тілді» оңай табады. Мұғалімдерді құрметтеп, жасалған ескертулерді адекватты қабылдайды. Күнделікті өмірде тек жағымды жақтарымен ситатталады. Дәлелді себепсіз сабақтан қалған емес.
Оқу тапсырмаларын жүйелі түрде орындайды. Есте сақтау қабілеті жақсы, оқу материалын жылдам меңгереді. Әсіресе физика, география және тарих пәндеріне қызығушылық танытады.
Физикалық дамуы жоғары деңгейде. Спорттық іс-шаралар мен олимпиадаларға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Футболмен және жеңіл атлетикамен әуестенеді.
Толық отбасында тәрбиеленеді. Ата-анасы мектеп жиналыстарына үнемі қатысып, баласының оқу үлгеріміне және тәртібіне ерекше мән береді.
Салауатты өмір салтын ұстанады. Алкоголь немесе есірткі қолданбайды. Темекі шегуге көзқарасы теріс.
Студентке практика орнынан
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогикалық факультетінің IV курс студенті Әлімжанова Назира Махмұтқызына
Әлімжанова Назира Махмұтқызы 2020 жылғы 5 наурыз бен 30 сәуір аралығында, Теміртау қаласының №28 жалпы білім беретін орта мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында әртүрлі тақырыпта 15 сабақ өткізіп, пәндерді жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті.
Назира сабаққа мұқият дайындалып, оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар пен көрнекі материалдарды қолданды. Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақтылы және шебер орындай алды.
Күнтізбелік оқу жоспары, сынып журналы және критериялық бағалау сияқты құжаттама түрлерімен таныстырылды. Сабақ жоспарын сынып жетекшісімен талқылап отырды.
Назира Махмұтқызы өзін ұжымшыл, оқушылармен жылдам тіл табысуды білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Оның жұмсақ дауысы мен мейірімді интонациясы, сыныпта достық атмосфераны құруға әсер етті.
Мектеп әкімшілігі тәжірибеден өтушіні «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.