Алакөл туралы мәлімет
Алакөл — Алматы мен Шығыс-Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан тұзды су қоймасы. Бұл көлдің суы — ежелден бері өзінің емдік қасиеттерімен белгілі.
Алакөлді көл деп атау қиын, себебі, оның аумағы теңіз сияқты үлкен. Көлдің ұзындығы — 104 км, ені — 52 км, ең терең жері — 54 м. Жағалаудың климаты континенталды. Максималды ауа температурасы +42 градус. Ал, су бетінің температурасы +26-30 градустар аралығында. Судың тазалығы соншалық, 2-3 метрде жүзіп жүрген балықтарды көруге болады.
Алакөлге Қатынсу, Үржар, Жаманөткел, Емелқұйса, Жаманты және Ырғайты өзендері құйылады. Бірақ, көлден су ағып шықпайды, сондықтан, ол ағынсыз болып саналады. Өз атауына сәйкес, бір күн ішінде, түсін бірнеше рет өзгертеді. Жел соқса — сұр, күн шықса — көк, ал жауын жауса — қызғылт түске айналады.
Судың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі (йодтан басқа). Сол себепті, Алакөл ұзақ уақыт бойы өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленген. Көлге шомылған адамның жаны мен тәні тазарады. Жұмсақ суы тері ауруларын жақсы емдейді, ал құрғақ тұзды ауасы, өкпе аурулары кезінде көмектеседі. Сонымен қатар, оның балшықтары да жоғары бағаланады. Ол тірек-қимыл, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жағымды әсер етеді.
Бізге дейін жеткен мәліметтер бойынша, Шыңғыс хан, жараланған жауынгерлерін Алакөлге емделуге жіберіп отырған. Ал, Кеңес Одағы кезінде, ғарышкерлер осы жерде радиациядан тазарған.
Орталық бөлігінде, үш аралдан тұратын архипелаг орналасқан. Олар: Үлкен, Орта және Кішкене Аралтөбе деп аталады. 1998 жылы осы аралдарда Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ашылды.
Ол балыққа бай. Бұл көлде алабұға, салпыерін, көксерке, сазан және мөңке балықтары тірішілік етеді. Сондай-ақ, бірқазан, ақбас үйрек, фламинго және қарабай сияқты сирек кездесетін құстарды кездестіруге болады.
Жоғарыда жазылған факторлар, Алакөлдің керемет демалыс орнына айналуына әсерін тигізді. Адамдар бұл көлге күшін қалпына келтіруге, емделуге және көңіл-күйді көтеру үшін келеді.
Ұқсас: Балқаш көлі туралы мәлімет
Жаның Жәннаттан болсын. Қабанбай батыр Қалмақтардан азат еткен жер ғой!
Өте дұрыс айтылған👍
Мен бұл сайтқа Алакөл туралы аңыз жазылған деп кірген едім. Алайда, олай емес екен. Мәліметтер емес, Алакөл туралы халық аузында қалған аңыз-әңгімелер бар шығар. Естіп көрмеппін. Сабақта қажет болып жатыр еді. Алакөл деп аталуының себебін, Алакөл деп аталуының тарихын сайтқа сала аласыздар ма?!
өзім тұратын жер жайлы мұндай керемет мәліметтерді көргеніме куанамын
Жел сокса сұр кун шыкса көк жаңбыр жауса кызгыл туске айналад деп жазлып тургой
Енді солай болатын шығар , значит алакөлде солай
Алакөл деп аталу себебі, ол бір күнде түсін бірнеше рет ауыстырып отырады, және де көлдің пішіні, көлемі, түчі әртүрлі болғандықтан Алакөл деп аталып кеткен. Алакөл басқа көлдермн салыстырғанда әлдеқайда жылы, және көлдің емдік қасиеті өте мол.
ол түсін өзгерткендіктен оны Алакөл деп атаған
Жақсы
витилиго тері ауруын емдейді ме екен