Туған күнге арналған құттықтау тілектер

Туған күн кезінде, сыйлықпен қатар, міндетті түрде құттықтау сөздері айтылуы керек. Мереке иесіне (ата-ана, бала, дос, құрбы, әріптес және т.б.) бағытталған ең керемет тілектер жинағымен таныс болыңыздар.

.jpg

Ұқсас: Мерей тойға арналған құттықтаулар

Досыма арналған құттықтаулар

Қымбатты досым, бүгінгі мерекен құтты болсын! Өмірлік сапарыңда тек қана жақсы адамдарды кездестір! Барлық жоспарларын жүзеге асып, ешқашан алаңдама. Есіңде болсын, сен сияқты батыл және көңілді адамға, әрқашан күн астынан орын табылады. Бақытты бол!

Туылған күніңмен! Саған және сенің жақындарына зор денсаулық тілеймін! Сен үшін жанын қиюға дайын достарын көбейе берсін! Қайғы-қасірет, бақытынның көлеңкесінде қалсын! Достығымызды қатты бағалаймын, ол ұзақ жылдарға жалғасады деп үміттенемін.

Сенің туылған күнін, мен үшін де мереке. Осындай досты кездестіргенім үшін, тағдырға ризамын. Қойған мақсаттарына жетіп, жоспарлаған шыңдарды бағындыруға тілектеспін. Ешқашан мұнайма, тек қана алға ұмтыл. Қиын кезде, қол ұшын созатын адамдар әрдайым қасында жүрсін!

Мерекенмен құттықтаймын! Екеуміз өмірдің ең жақсы сәттерін бастан өткіздік, қуанышта да, қайғыда да бірге болдық. Сол үшін, саған рахмет айтамын! Сені үлкен белестерден көретіндігіме сенімдімін. Жауларын аз, достарын көп болсын!

Досым, сені шын жүректен туған күніңмен құттықтағым келіп тұр. Өмірін әдемі ән сияқты болсын! Барлық бастаған істерін сәтті аяқталсын! Алла тағала саған арыстанның денсаулығын берсін! Адамгершілігі мол, ақкөңіл және жігерлі жігіт болып қала бер.


Құрбыма

Қымбатты құрбым! Сені туылған күніңмен құттықтаймын! Өміріміздегі ең маңызды сәттерді бірге өткіздік. Сондықтан, сен мәңгілік менің жүрегімде боласын. Әрқашан бақытты, әдемі және көңілді болуынды тілеймін! Жарқын еріндеріннен ешқашан күлкі кетпесін! Сені қолдайтын және армандарыңды жүзеге асыруға көмектесетін адамдарын әрқашан қасында жүрсін!

Сүйікті құрбым! Көбірек күл, бүгін сенің күнін! Армандарын мен тілектерін орындала берсін, әр жаңа күн қуаныш пен жақсы жаңалықтар әкелсін! Алла тағала осындай құрбыны сыйлағаны үшін қуаныштымын. Өйткені, сен маған әрдайым жәрдем жасауға дайынсын. Өмірде қателік жасаудан қорықпа. Мен әрқашан сенің жанындамын!

Менің сүйікті қызым! Туған күн мерекесі құтты болсын! Бұл өмір саған қуаныш, бақыт және сәттілік әкелсін! Сен бұған лайықсын! Ешқашан мұнайма, өзіне деген сенімділігін жоғалмасын! Жамандық ұмытылып, жақсылық көбейе берсін!

Ұқсас:Үйлену тойға арналған тілектер


Ұл балаға

Туған күніңмен балапаным! Әкеннің мақтанышы, ананның қорғаушысы болып өс. Қайырымды достарын көп болсын! Жүзіннен күлкі кетпесін! Өмірін қызықты және көңілді оқиғаларға толы болсын! Өз мақсатына жете алатын, ақылды ұл болып өсуіне тілектеспін.

Туылған күніңмен кішкентайым! Қамқоршы періштен ешқашан қасыннан кетпесін! Екі көзін бақытқа толы болсын! Сабағыңды жақсы оқып, күнделігінде тек қана жоғары бағалардың болуын тілеймін!

Бүгін сенің ең қуанышты күнін! Біз сені өте жақсы көреміз, сондықтан, адал адам болып өскенінді қалаймыз. Әкең сияқты мықты, анан сияқты мейірімді бол! Барлық армандарын орындалсын! Саған денсаулық, сәттілік және бақыт тілейміз.


Қыз балаға

Кішкентай ханшайым! Бүгін сен тағы бір жылға өстін. Менің шын жүректен айтқан тілектерімді қабыл ал! Әрқашан көңілді және белсенді бол! Ата-ананның үмітін ақтай алатын, әдемі қыз болып өсуіңді қалаймын!

Сұлу қызды туылған күнімен құттықтаймын! Өмірін жеңістермен жетістіктерге толы болсын! Әр күн қуаныш пен бақыт сыйласын! Әкең мен анан, өзінің әдемі қызымен мақтана берсін!

Қымбатты аруым! Сенің әрқашан жұлдыздай жарқырап жүргеңінді тілеймін! Өмірін жарқын оқиғаларға толы болсын! Ақылды, еңбекққор, айналадағы адамдарға мейірімді бол! Туған күніңмен, тәтті қыз!


Әріптесіме

Құрметті әріптесім! Туған күнін құтты болсын! Біздің ұжымда жұмыс жасаудан рахат аламын, өйткені арамызда сен сияқты керемет адам бар! Өз қызметінді жауапкершілікпен атқарғанын үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта, өміріңіз тек жақсы жаққа ғана өзгерсін!

Біздің әдемі және мейірімді әріптесіміз! Сізді шын жүректен мерекеңізбен құттықтаймыз! Өмірдің барлық саласында сәттілік және қойылған мақсаттардың қиындықсыз орындалуын тілейміз! Жарқын және ұмытылмас күндер көп болсын!


Әкеге

Менің сүйікті әкем! Туылған күніңізбен! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін рахмет! Мен өте бақыттымын, өйткені, әлемдегі ең жақсы әке – менде! «Бір әке – жүз мұғалімнен артық» деген сөз бар. Сондықтан, сіз берген сабақтар өмір бойы есте қалады. Ешқашан қартаймаңыз, әрқашан жас және көңілді болып қала беріңіз. Сізге бақыт және ұзақ ғұмыр тілеймін!

Құрметті әке! Жер бетіндегі ең әдемі сөздер, мен сізді қалай жақсы көретіндігімді сипаттай алмайды! Осындай қамқоршы және мейірімді әкем бар болғаны үшін, Алла тағалаға айтатын алғысым шексіз! Егер баларыңыздың бақытты болғанын қаласаңыз, арамызда әрқашан күліп, ойнап жүріңіз! Туған күніңмен!

Осы қуанышты күні, сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және жұмыста табыс тілеймін! Біздің тірегіміз және қорғаушымыз – ол сіз. Осындай әкем бар екендігіне өте  қуаныштымын!


Анаға

Туған күніңмен, менің қымбатты анашым! Маған жасаған барлық жақсылығын үшін көп рахмет! Егер менің ұқыпсыз сөзім немесе жаман әрекетім сізді ренжітсе, кешіріңіз. Мен сіздің үмітіңізді ақтауға тырысамын. Бақытты болыңыз! Әр жаңа күн тек қана қуаныш әкелсін!

Ғаламшардағы ең керемет ананы туған күн мерекесімен құттықтаймын! Сізге тілейтін ең басты нәрсе – ол денсаулық. Қалғанның бәрі сізде бар. Ұзақ өмір сүріңіз, өйткені бізге сіздің қамқорлығыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз қажет. Арамызда әрқашан көңілді және әдемі болып жүре беріңіз!

Мама, туылған күнін құтты болсын! Бүгін мен үшін де ерекше күн! Анашым болмаса, осы дүниенің сұлулығын тани алмас едім! Сіз менің өмірімнің ең жақсы бөлігісіз! Сіздің бақытты болғаныңызды қалаймын! Ешнәрсеге уайымдамаңыз, себебі сіздің жанынызда мен бармын!