АҚШ туралы қызықты мәліметтер

АҚШ – әлемдегі ең қуатты және дамыған елдердің бірі! Қысқа мерзімді тарихында әлемнің экономикалық көшбасшысына айналды. Сіздерге арнап, Америка Құрама Штатары туралы қызықты мәліметтер тізімін жариялаймыз.

АҚШ ТУРАЛЫ 30 ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ

Ұқсас: Қытай туралы қызықты мәліметтер

  1. АҚШ-та ресми түрде бекітілген тіл жоқ! Ең көп таралған ағылшын тілі.
  2. Халықтың 67% -ы артық салмақтан зардап шегеді.
  3. Америка Құрама Штаттарында әр сағат сайын шамамен 100 жұп ажырасады.
  4. Америкада баланы кәмелетті жасқа келгенінше тәрбиелеу және күтім жасау, орта есеппен алғанда 245 мың АҚШ доллары жұмсалады.
  5. АҚШ-та балалардың 40%-ы некеден тыс туылады.
  6. Бұл елдің тұрғындарының 13% – ы, күн жерді айналады деп ойлайды.
  7. Америка Құрама Штаттары туралы қызықты мәлімет: әрбір сегізінші ерлі-зайыптылар Интернетте танысқан!
  8. Гарвард – АҚШ-тың алғашқы университеті. Ол 1636 жылы құрылды.
  9. Американдық азамат 16 жасында автокөлік жүргізуге құқылы; 18 жасында ол дауыс беруге және қаруды қолдануға құқылы; тек 21 жасқа келгенде алкоголь сатып алуға құқығы бар.
  10. Монтана штатында малдын саны адамдарға қарағанда 3 есе көп!
  11. Филадельфия – Америка Құрама Штаттарының алғашқы астанасы болды.
  12. Бейресми деректерге сәйкес, Нью-Йорктегі такси жүргізушілерінің 90% -ы иммигранттар болып табылады.
  13. Американдықтардың 40%-ы Дарвиннің эволюция туралы теориясына сенбейді.
  14. Әрбір жетінші американдықта 10-нан астам несие картасы бар.
  15. 1918 жылы Америка Құрама Штаттарында тұмау эпидемиясы 548 мың адамның өмірін қиды.
  16. Американдықтар әлемде ең көп балмұздақ жейтін халық.
  17. Елдің 90%-ы бос уақытын үйде немесе жабық бөлмеде өткізеді.
  18. Әр сегізінші американдық азамат McDonald’s фаст-фуд мейрамханаларында жұмыс істеген.
  19. Жоғары білімі бар 100 мыңнан астам адам сыпырушы болып жұмыс істейді.
  20. Алғашқы теледидарлар 1936 жылы Нью-Йоркте пайда болды.
  21. Американдықтар үшін автокөлік немесе үйді несие алу тұрақты жағдай, олар үнемі қарызға өмір сүреді.
  22. Америка құрама штаттары –  жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші орында.
  23. Ең жиі кездесетін сот процестері салық төлемеуге байланысты болады.
  24. 2015 жылдан бастап, ер адамдардың бір-бірімен некеге тұруы туралы ресми түрде заң шықты.
  25. Американдықтар секундына 45 кг-нан астам шоколад пайдаланады.
  26. 1867 жылы Алясканы Ресейден 7,2 миллион долларға сатып алған.
  27. АҚШ үкіметі Гуантанамодағы әрбір тұтқынға жылына 2 миллион 768 мың 902 доллар жұмсайды.
  28. Американдықтардың ең танымал жемісі – банан.
  29. Қызықты мәлімет: Америкада күн сайын 2 миллион тауық желінеді.
  30. Колледжде оқу ақысы орташа есеппен 27 мың доллардан асады.

Ұқсас: Адам туралы қызықты мәліметтер