Жер сілкінісі туралы 15 мәлімет
Жер сілкінісі — ең қорқынышты табиғи құбылыстардың бірі. Оны зерттейтін ғылым — сейсмология деп аталады. Төменде, осы құбылысқа қатысты қызықты фактілермен таныс болыңыз.
- Ең үлкен жер сілкінісінің күші — 9,5 баллға дейін жетті. Бұл оқиға — 1960 жылы Чили елінде орын алды.
- Жер сілкінуі салдарынан, жылына шамамен 8000 адам қайтыс болады. Жалпы алғанда бұл зілзаланың кесірінен, 13 миллион адам өмірмен қош айтысты.
- Жыл сайын Жапонияда, шамамен 1500 жер сілкінісі болады.
- 2011 Жапония елінде болған цунами, Фукусима АЭС-ның апатына әкелді. Сілкіністің күшті болғаны соншалық, күн ұзақтығы — 1,48 микросекундтқа қысқарды.
- Сілкіністің орташа ұзақтығы — шамамен 1-30 секунд. Ал ең ұзағы — 10 минутқа созылды. Бұл жағдай 2004 жылы Үнді мұхитында болды.
- 2015 жылы Непалда болған зілзаланың салдарынан, Эверест тауы — 2,5 сантиметрға кішірейді.
- Алғашқы сейсмограф, 132 жылы Қытайда ойлап табылды.
- Бір жылда, 500 мың жер сілкінісі байқалады. Олардың, 100-і ғана қауіп төңдіруі мүмкін.
- 1201 жылы Жерорта теңізінің маңында болған құбылыстың әсерінен, 1 миллион адам көз жұмды.
- Барлық сейсмологиялық құбылыстардың 80%-ы, Тынық мұхитында орын алады.
- Мұхит астындағы жердің тербелуі, цунамиге әкелуі мүмкін.
- Жер сілкінуі кезіндегі ең қауіпсіз орын — үстелдің асты. Ал далада болсаңыз, үлкен ғимараттардан аулақ жүріңіз.
- Сейсмологиялық құбылыстар ең көп кездесетін елдер: Жапония және Чили.
- Бұл құбылыс — 1945 жылы Хиросимаға түсірілген ядерлік бомбадан 100 есе асатын энергия шағара алады.
- Ол — көбінесе геологиялық ақаулардың себенінен басталады. Бірақ, ядерлік қаруды сынау, жаңартау белсенділігі және шахталарды бұрғылау үшін де болуы әбден мүмкін.
Өте керемет