Жапония туралы қызықты мәліметтер

Жапония – бірегей мемлекет. Көптеген адамдарға ол дамыған нанотехнологияларымен таныс. Біз «күншығыс елі» туралы ең қызықты деректер жинадық.

Жапония елі жайлы 30 қызықты мәлімет

Ұқсас: Корея туралы қызықты мәліметтер

  1. Жапондықтар – өте еңбекқор. Олар үзіліссіз, тәулігіне 15-18 сағат жұмыс істей алады.
  2. Бұл елде дәлме-дәл уақытында жұмыста болу ұят болып саналады. Сіз кем дегенде жарты сағат бұрын келуіңіз керек.
  3. Жапондықтар үшін қисық тіс – сұлулықтың белгісі.
  4. Валентин күні, сыйлықтарды тек қана қыздар сыйлайды.
  5. Жылына шамамен 1500 жер сілкінісі болады.
  6. Оқу жылы 1 сәуірден басталады.
  7. Тамақтану кезінде міндетті түрде oishii (дәмді) деген сөзді айтады.
  8. Жапония көшелерінде қоқыс жәшіктерін көре алмайсыз. Өйткені, олар барлық қоқыстарын өздерінің үйлеріне алып кетеді.
  9. 4 саны сәтсіз болып саналады. Мектептерде, ауруханаларда және басқа да мекемелерде ешқашан бұл нөмірді кездестірмейсіз.
  10. Жастар 30 жастан кейін ғана үйленеді, ал әйелдердің бала тууының орташа жасы 34.
  11. Жапониядағы адамдар өте адал. Егер сіз әмиянді жоғалтып алсаңыз, 90 пайыз жағдайда сізге оны қайтарып береді.
  12. Ер адамдарға әрқашан бірінші болып қызмет көрсетіледі. Дүкендерде алдымен еркекпен сәлемдеседі.
  13. Мұнда көптеген жекпе-жек өнерлері ойлап табылды: каратэ, дзюдо, айкидо және тағы басқалар.
  14. Жапон тіліндегі ең жаман сөз – «ақымақ».
  15. Жасы 100 жылдан асқан, 50 мың адам тұрады.
  16. Жапонияда официант ретінде маймылдар жұмыс істейтін мейрамхана бар.
  17. Жапонияда дельфиндарды жейді.
  18. Жапония – империя атағын ресми түрде сақтап қалған соңғы ел.
  19. Халықтың 98,4%-ы этникалық жапондықтар болып табылады.
  20. Жапон халқы өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшылардың бірі.
  21. Жапония еліндегі ең танымал спорт түрі – бейсбол.
  22. Бұл ел әлемде өзіне-өзі қол жұмсаудан ең алдыңғы орындарда.
  23. Токио қаласы – әлемнің ең қауіпсіз мегаполисі.
  24. Шай – жапондардың ең сүйікті сусыны.
  25. Жапон отбасыларында ағасы мен қарындасының сөйлеспеуі, қалыпты жағдай.
  26. Қызды жігіті тастап кетсе, шашын кесіп тастайды.
  27. Жапон конституциясының тоғызыншы бабына сәйкес, мемлекетке соғыстарға қатысуға тыйым салынған.
  28. Балаларға қарағанда үй жануарлары көп. Олардың саны 19,8 миллионға жетті, ал балалар саны 15,9 миллион.
  29. Жапонияның ұялы телефондарының 90 пайызы су өткізбейді. Өйткені, жастар оларды тіпті душта қолданғанады.
  30. Жапондар жұмыс кезінде ұйықтайды. Бастықтары бұған қарсылық білдірмейді.

Ұқсас: Қытай туралы қызықты мәліметтер