Мұхиттар туралы қызықты мәліметтер

Жер бетінің 72%-ын мұхиттар алып жатыр. Қазіргі таңда, олардың 5%-ы ғана зерттелген. Мұхит туралы көптеген жұмбақ деректер бар. Олар қандай?

.jpg

Ұқсас: Ауа туралы қызықты мәліметтер

Мұхиттар жайлы 20 мәлімет

  1. Ғалымдардың пікірінше, мұхиттың түбінде шамамен 20 миллион тонна алтын бар.
  2. 1 миллилитр мұхит суында, 1 миллион бактерияға дейін болады.
  3. Әлемдегі мұнай қорының 25%-ы, Солтүстік Мұзды мұхитының түбінде шоғырланған.
  4. Планетадағы ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Оның көлемі – 178,6 миллион квадрат километр.
  5. Біздің планетамыздағы оттегінің ең көп мөлшерін, мұхиттарда өмір сүретін фитопланктон деп аталатын микроағзалар өңдіреді.
  6. Мұхиттарда өмір сүретін көк кит – әлемдегі ең үлкен жануар. Оның салмағы 150 тоннаға дейін барады. Көк киттің жүрегі – жеңіл автокөлікпен бірдей.
  7. Антарктиданың барлық мұзының көлемі, Атлант мұхитындағы сумен тең.
  8. Акулалардың кесірінен жылына шамамен 10 адам көз жұмады.
  9. Ең тұзды су – Атлант мұхитында.
  10. Солтүстік Мұзды мұхиты еритін болса, онда әлем мұхиттарының деңгейі 10 метрге дейін көтеріледі.
  11. Әйгілі Титаник кемесі, Атлант мұхитында батып кетті.
  12. Үнді мұхиты ең жас және жылы болып саналады.
  13. Барлық акулалардың 99%-ы жойылып кетті.
  14. Ғаламшарымыздың ең терең жері – Мариан шұңғымасы (11 километр).
  15. Тынық мұхитының көлемі – барлық Жер құрлықтарын қосқанның өзінде, олардан үлкен.
  16. Мұздардың еруі себебінен, мұхит деңгейі – 6 сантиметрге көтерілді.
  17. Мұхиттардың орташа температурасы +5°C, ал орташа тереңдігі – 3,5 километр.
  18. Жанартау атқылауларының 90%-ы мұхиттың астында болады.

     

  19. Судың астындағы дыбыс жылдамдығы 1500 м/с, бұл ауадағы дыбыстың жымдамдығынан 5 есе тез.

     

  20. 3,5 миллиард адам үшін мұхиттар – негізгі азық-түлік көзі болып табылады.

Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер