Мысық туралы қызықты мәліметтер

Мысық – ең сүйікті үй жануары екендігіне келісетін шығарсыздар. Бұл хайуан көптеген адамдардың сүйіспеншілігіне ие және сіздерге арнап ол туралы біршама дерек жинадық.

.jpg

Мысық жайлы 23 мәлімет

  1. Мысықтар өз өмірінің 70%-ын ұйықтаумен өткізеді. Олар тәулігіне – 18 сағат ұйықтайды!
  2. Мысықтарға мешітке кіруге рұқсат етілген.
  3. Әлемдегі ең қымбат мысықтың есімі – Зевс. Оның бағасы – 154 мың АҚШ долларын құрайды.
  4. Ұлыбританияда қара мысық, сәттілікті білдіреді.
  5. Еркектері солақай, ал ұрғашылары оңқай болады.
  6. Олардың жүгіру жылдамдығы шамамен – 50 км/сағ. Ал дүние жүзіндегі ең жылдам адамның жылдамдығы – 43 км/сағ ғана.
  7. Әлемде бұл хайуанның 400 миллионы өмір сүреді.
  8. Ол тәтті тағамның дәмін сезбейді.
  9. 90%-дан астам адам, өз мысықтарымен сөйлеседі.
  10. Бұл жануарлар тұзды суды іше береді.
  11. Шын мәнінде, сүт ішу оларға зиян тигізеді.
  12. Мысықтың 9 өмірі болады дейді. 40 қабатты үйлерден құлап, аман қалған мысықтар бар.
  13. Ең кәрісі – 38 жыл өмір сүрген.
  14. Олар Жер сілкінісін, адамнан 15 минутқа ерте сезуі мүмкін.
  15. Алғашқы мысықтар – 40 миллион жыл бұрын ағаштарда өмір сүрген. Оларды үй жануары ретінде, бірінші болып Ежелгі Мысыр халқы ұстаған.
  16. Мысықтар 100 түрлі дыбыс шағара алады.
  17. Оның миы, 90%-ға біздің миымызбен сәйкес келеді екен.
  18. Американдық дәрігерлер, стресспен және шаршаумен күресу үшін, мысықты асырап алуға кеңес береді.
  19. Иіс сезу қабілеті иттен жоғары.
  20. Дасти есімді үй жануары, 420 ұрпағын қалдырды!
  21. Қазіргі уақытта, ең үлкен жабайы мысық – Амур жолбарысы. Оның салмағы – 320 кг.
  22. Жүрегі адамдардан екі есе тез соғады.
  23. Ғарышқа ұшқан алғашқы мысық, тірі болып оралды.