Жолбарыс туралы қызықты мәліметтер

Жолбарыс – әлемдегі ең танымал жыртқыш аңдардың бірі. Жануар әлемінің көрікті және қорқынышты өкілі туралы көпшілік білмейтін фактілермен таныс болыңыз.

.jpg

Жолбарыс жайлы 22 мәлімет

  1. Соңғы жүз жылда, жолбарыстардың саны – 100 мыңнан 4 мыңға дейін азайып қалды.
  2. Оның табанының бір соққысы, аюды өлтіруі мүмкін. Сондай-ақ, бұл жануардың тістері, сүйекті сындыруға шамасы жетеді.
  3. Ең үлкен түрі – Сібір жолбарысы. Оның ұзындығы – 3,5 метр, ал ауырлығы – 300 килограмм.
  4. Жаралы жерлерін тілімен жалайды. Өйткені, олардың сілекейінің антисептикалық әсері бар.
  5. Орташа өмір сүру ұзықтығы – 25 жыл.
  6. Олар адамды азық ретінде қарастырмайды, бірақ қауіп төнсе шабуылдауы мүмкін.
  7. Аяғындағы күштің көп болғаны соншалық, бұл аң – 6 метр қашықтыққа дейін секіре алады.
  8. Кейбір мәлімет бойынша, Үндістандағы бір жолбарыс, 430 адамды өлтірген.
  9. Мықтылығы сонша, олар аю және қолтырауынға да шабуыл жасайды.
  10. Олар Орталық Азияны да мекендеген, бірақ адамдардың кесірінен жойылып кетті.
  11. Шын мәнінде, жолбарыс арыстаннан үлкен.
  12. Ол 15-20 күн бойы аш болып жүре алады.
  13. Жолбарыстар суды ұнатады және бірнеше шақырымды оңайлықпен жүзіп өтеді.
  14. Олардың көздері көп жағдайда сары түсті.
  15. Жолбарыстың алдыңғы аяқтарында 5 саусақ, ал артқысында 4 саусақ болады.
  16. Алғашқы жолбарыстар 2 миллион жыл бұрын тіршілік еткен.
  17. Жолбарыстың денесіндегі сызықтар, адамның саусақ іздері сияқты, бірегей.
  18. Қытайда жолбарыстарды аулаған үшін, өлім жазасына кесіледі.
  19. Жолбарыс тобы – «pride» деп аталады.
  20. Көздері түңгі уақытта адамнан 6 есе жақсы көреді.
  21. Жолбарысты аулауға барлық елде тыйым салынған.
  22. Қазіргі уақытта бұл жыртқыштардың 6 түрі қалды: Амур, Үнді-Қытай, Оңтүстік Қытай, Бенгал, Суматра және Малай жолбарыстары.