Ғарыш туралы қызықты мәліметтер

Ғарыш қаншалықты үлкен екенін елестету өте қиын. Біз Әлемнің кішкене ғана бөлігін байқай аламыз, ал Жер – бұл үлкен кеңістіктегі кішігірім нүкте. Космос туралы деректермен таныс болыңыз.

Ұқсас: Жер туралы қызықты мәліметтер

Ғарыш жайлы 20 мәлімет

  1. Ғарышта еш дыбыс естілмейді, өйткені дыбыс толқындарын тарататын ауа жоқ.
  2. Жер – әрбір минут сайын, 19,3 мың шақырымға жылжиды.
  3. Қарапайым автокөлікпен Күнге жету үшін, 212 жылдан астам уақыт керек.
  4. Венерада бір тәулік уақыт 224 күнді құрайды.
  5. Біздің планетамызды ғарыштан өз көзімен, тек 24 адам ғана көрді.
  6. Плутон – күн жүйесіндегі ең суық планета. Онда температура -2000С-ге дейін төмендейді.
  7. 2030 жылға қарай Айда, қала салу жоспарланып отыр.
  8. Айдын бетінде аяқтын ізін қалдыратын болсаңыз, ол із мәңгілік сақталып қалады.
  9. Көлемі бойынша Күн Жерден 1,3 миллион есе үлкен.
  10. Күн жүйесінің жасы шамамен 4,6 миллиард жыл. Ғалымдар ол тағы 5 000 миллион жыл өмір сүретінін болжайды.
  11. 1957 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы иттін аты – Лайка. Ит – ауа жетіспегендіктен қайтыс болды.
  12. Күн жүйесі массасының 99% – ын Күн құрайды.
  13. Жыл сайын біздің Галактикамызда, қырық жаңа жұлдыз пайда болады.
  14. Ғарышқа бірінші болып ұшқан әйел – Валентина Терешкова.
  15. Біздің күн жүйемізде Жерге ұқсайтын дене бар. Ол Титан деп аталады және ол Сатурн планетасының серігі. Онда да өзендер, теңіздер, вулкандар және тығыз атмосфера бар.
  16. Әлемде 100 миллиардтан астам галактика бар, сондықтан ғарыш кеңістігінде адамдар жалғыз емес екендігіне сенімдіміз.
  17. Марс планетасының гравитациялық өрісінін төмен болғандығынан, Жер бетінде салмағы 100 кг адам, Марста 38 кг болады.
  18. «Астронавт» термині Ежелгі Грекиядан келді, астро – «жұлдыз», «навт» – теңізші дегенді білдіреді.
  19. Венерада күн батыстан шығып, шығыста батады.
  20. Жердің барлық жағалауларындағы құмынан гөрі, ғаламдағы жұлдыздардын саны көп.

Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер