Менің әжем туралы шығарма (эссе)

'

Аяулы әжем

Биыл, менің әжемнің жасы 68-ге толды. Ол мен үшін ең қымбат және сүйікті жандардың бірі. Қиын уақытта әрқашан көмектесуге дайын, мейірімді және қамқор адам. Өкінішке орай, біз сирек көрісеміз, өйткені, әжем ауылда тұрады. Бірақ, жазғы демалыс кезінде, мен оған міндетті түрде барып жүремін. Немерелері қонаққа келгенде апамыз қатты қуанады. Ол маған тігуді, тоқуды және тамақ пісіруді үйретеді. Сондықтан, әжеммен өткізген уақыт қызықты әрі пайдалы.

Менің апам бақшада жұмыс істегенді ұнатады. Осы кісінің арқасында, үйдің ауласында әдемі гүлдер өсіп тұрады, ал дастарқанымыз жеміс-жидектер мен көкөністерге үнемі толы. Қартайғанына қарамастан, бізді тамақтандыруға, үйді жинауға және немерелерімен ойнауға уақыт табады. Әжемізді қасымызға ертіп алып, көшеде серуендейміз, өзенде шомыламыз, ал кешке жақын күннің батуын тамашалаймыз.

Көршілері оны дипломат деп атайды. Себебі, әжем кез-келген жағдайдан шығатын жолды таба алады. Туысқандардың барлығы оған өз құпияларын айтып, апамның ақыл-кеңесін тыңдағысы келеді. Менде оған барлық сырларымды айта беремін. Кейде қатал болғанымен, апаға ренжімеймін, себебі, ол орынсыз ұрысатын адам емес. Менің тарапымнан қателік кетсе, түзелуге тырысамын.

Мен әжемді қатты жақсы көремін, құрметтеймін және оған ұзақ ғұмыр тілеймін!

Ұқсас: Тәрбие туралы шығарма (эссе)