Аю туралы қызықты мәліметтер

Аю – аңдардың ішіндегі ең мықты жыртқыштардың бірі. Қазіргі уақытта жер бетінде олардың 8 түрі бар. Төменде аюлар туралы сіз білмейтін деректер жинағын ұсынамыз.

.jpg

Ұқсас: Қасқыр туралы 25 қызықты мәлімет

Аю жайлы 25 қызықты мәлімет

  1. Ақ аюдың асқазаны өте үлкен. Оған шамамен 70 кг ет сияды!
  2. Аю – өсімдіктермен қоректенетін жалғыз жыртқыш аң.
  3. Жер бетіндегі аюлардың 2/3 бөлігі Солтүстік Америкада мекендейді.
  4. Барлық аюлардың жүні 2 қабаттан тұрады. Біреуі жылу беру үшін, екіншісі судан қорғайды.
  5. Жаңа туған қоңыр аюдың салмағы – жарты килограмм ғана. Бірақ жетілу кезінде, оның массасы 1000 есе көбейеді.
  6. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 30 жыл.
  7. Әлемдегі ең үлкен аю – полярлық. Оның салмағы 500 кг, ал бойы 3,5 метрға дейін жетеді.
  8. 2008 жылы Канадада, гризли аюының шабуылынан аман қалған бір адам бар. Ол жерге жатып, өлгендей болып көрінді, сол себептен аю оған тиіспеді.
  9. Баяу жануарға ұқсағанымен, олардың қысқа қашықтыққа жүгірудегі жылдамдығы – 55 км/с.
  10. Шын мәнінде, олар адамға өте сирек жағдайда шабуыл жасайды.
  11. Иіс сезімі адамға қарағанда 100 есе артық.
  12. Аюлар – 5-6 миллион жыл бұрын пайда болды.
  13. Ең үкен аңның салмағы – 1002 кг болған. Оны 1960 жылы Аляскада атып өлтірді.
  14. Қысқы ұйқы кезінде, ол өзінің 30-50% салмағынан айырылады.
  15. Бұл жыртқыш аңдардың ең жақын туыстары: қасқырлар, түлкілер және иттер.
  16. Ақ аю суда жақсы жүзиді. 700 км қашықтықты жүзіп өту, ол үшін қиындық тудырмайды.
  17. Ақ аю – 2,5 метрге дейін секіре алады.
  18. Аюдың азайып келе жатқаны үшін, оның кейбір түрлері Халықаралық қызыл кітапқа енгізілді.
  19. Панданың қолында алты саусақ бар.
  20. Гризли аюының бір соққысы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
  21. Олар Африка, Австралия және Антарктика құрлықтарын мекендемейді.
  22. Шығыс Азияның кейбір елдерінде, аю қасиетті жануар болып саналады.
  23. Аю – Берлин қаласының символы.
  24. Жүрегі 1 минутта 40 рет соғады.
  25. Ересек панда бір отырғаннан, 20 килограмм бакбукты жеп қоя алады.

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер