Томирис патшайым туралы мәлімет
Тұмар (Томирис) – аты аңызға айналған сақ-массагет халқының ханшайымы. Бұл патшайымның есімін барлық қазақстандықтар біледі. Ол туралы көптеген кітаптар жазылған және фильмдер түсірілді.
Ұқсас: Абылай хан туралы мәлімет
Тұмар жайлы аңыз
Зерттеушілердің айтуынша, Тұмар ханша б.з.д. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі – Сыпыр, ол массагет тайпасының патшасы. Анасы босану кезінде көз жұмды, ол Әби тайпасының көсемінің қызы еді. Бұл заманда – әйел адамның патша болуға құқығы болған. Сондықтан, әкесі қайтыс болғаннан кейін, билікті өз қолына алды.
Б.з.б. VI ғасырда Парсы елінде, Ахемен империясы құрылды. Парсы патшасы Кир II, Месопотамия елдерін біріктіріп, басқыншылық саясатын жоспарлай бастады. Мысырды жаулап алуды армандаған Кир, мұндай үлкен мемлекетпен соғысу қиын болатынын білді. Сол себепті, алдымен шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз даладағы сақ тайпаларын бағындыруды ұйғарды.
Басында ол билікті соғыссыз, айламен тартып алуға амал іздеді. Тұмарға хат жіберіп, әйелі болуға ұсыныс жасады. Бірақ, Томирис Кирдің шын ниеті қандай екенін біліп, бар тартуға шешім қабылдады. 530 жылы парсылардың үлкен әскері Шығысқа аттанды.
Парсылар үшін жорық сәтті басталды. Көшпенділер артқа шегінуге мәжбүр болып, басқыншылардың әскері Яксартқа келді. Өзеннен өткен соң, Кир патша әлсіз және науқас сарбаздардың аз бөлігін өзен жағасында қалдырып, негізгі әскерді жасырып қойды. Сақтар парсылардың жалған әскеріне шабуыл жасап, оларды талқандады. Жеңісті тойлау үшін уланған шараптарды ішкен сарбаздар, көп ұзамай ұйықтап қалды. Түнде, парсы әскері жауынгерлердің барлығын дерлік өлтіріп тастады. Тұмар ханшайымның ұлы тұтқынға алынды.
Томирис Кирге елші жіберіп, оның ұлын босатуды талап етті. Егер ұсыныс орындалмаса, «қанға қаншалықты тоймайтын болсаң да, басынды қанға тұншықтырамын» деп қорқытты. Кир бұл ұсыныстан бас тартып, елшіні қайтарып жіберді. Ал, Тұмардың ұлы өзіне-өзі қол жұмсап мерт болды.
Мұны естіген массагеттер патшайымы парсыларға қарсы шабуыл жасады. Қатыгез шайқас ұзаққа созылды, ешкім шегінгісі келмеді. Ақырында сақтар жеңіп шықты. Ұрыс кезінде Кир өлтіріліп, Томирис оның денесін табуға бұйрық берді. Мәйіті табылған соң, үлбірге қан толтырып, парсы патшасының басын соның ішіне салды.
Бұл оқиға аңызға айналды. Жауынгерлер үшін, Тұмар ханша ерлік пен күштің символы ретінде қабылданды. Ханшайымның өмірі қиын және қайғылы болды, оның бейнесі бүгінгі күнге дейін әдебиетте және өнерде қолданылады.
Маған ұнады тамерис тұралы
Жазып КӨРСЕТКЕНДЕРІНІЗГЕ рақмет
Томирим тамерис емес, тым болмаса т-ны үлкен әріппен жазу керек еді
Томирис ханша оте мыкты Адам
Менин ойымша тасмурын. Транскрипциядан отип ТОМИРИС боп кетти. Тумар болса тумар болган шыгар аты. Жанагы Али ибн Сина Авиценна болып кеткендей гой
Қанша қате жіберді. Бірақ осыны жазуда оңай емес.😓
Йя бәрін жазу қиын
Томирис туралы көптеген мәлімет берілді. Бірақ фильмі мен ақпаратта өзгешеліктер бар. Ұлы өз өзің өлтірген дейді. Бірақ тұмар ханшаның үлын парсы елінің бамшысы өлтірген.
Сен қатырар медің осы мəліметтерге де рахмет айтсаңшы.
Сізге көп көп рахмет! Жалпы маған қатты ұнады!! ♥🥰😘
Тұмар деп аталуының себебі не?
Өйткені *томирис* деген орыс тілінен,ал *тұмар* деген қазақ тілінен
Аңыз өте ғажап үи жұмысына берілген еді іздену көп рахмет 😘
Тамерис520—570 жылдар арлығында өмір сүрген
Дұрыс емес екенін біліп отырмын менің кітабымда басқаша
Мен үшін пайдалы болды.
Бұл қыздың айтқаны дұрыс бірақ киносында өзгертілген
Өтінемін Томирис патшаның ерлік істері керек
Салембердык арине киын боладгой
Фильмнен тарихты үйренген жөн емес, қателіктер бар. Алайда өте жақсы фильм, ол рас.
Томирис батыр ер жүрек адам
Маған кир жəне тұмар туралы мəлімет беріңізші😭😢😓😔
Серавно жазды болды емес па? Сендердің не шаруалардың бар? 😡😡 Если ұнамаса өздерің жаздың. Адамның еңбегін ақтаңсай 😠
Осындай мәліметтер өте пайдалы
Бұл біздің тарихи история мыз бқны сақтау парыз😌😌😌
Ол біздің заманымызға дейін
Маған қатты ұнады, бірақ қате көп😊👍🏻
Маған мәлімет ұнады👍
Саган жазып бергеныне рахмет айт
Рахмет маған Томирис туралы өте қатты ұнады
Апайларға көрсетіп,5баға аламын деп ойлаймын.😘😘😘
Менің атым Томирис
Хахахаха
Баласының аты кім дым түсінбедім
Томиристің баласының аты Сапаргапис
Өзіңіз де әріппен сәл ұрсысып қалғансыз-ау.Томирим деп жазып қойыпсыз.Өзгенің кемшілігін іздегенше, өз кемшілігімізді іздейік.Қазіргі адамдарға не болған бір есімді дұрыс жаза алмайды.
Маған ұнады Қ. тарихтан өтіп жатырмыз пайдалы болды рахмет көп көп.
Томирим емес Томирис
Білсең өзің жазсай мен арасынан жаздым білмейтінімді
Не жамандай
бересіңдер жазып берді болды го а
Кеш жаздым бірақ Томирис немесе қазақша(Тұмар)
Мен мүның барын бысем өзгеше малымед бар шығар десем
Бүні жазу қийен ға соғады 😿💮
мәәәәә, мен осының барлығын жазуым керек…тарих апай айтты Томирис патшайымы, Тасмолла мәдениеті, және Ескендір Зұлқарнайын туралы мәліметтер іздеп келіндер деп…
ойткени ол бир уйдын жалгыз кызы болды и ол оз елин жериын коргаган сол сбепти атын коп аныздарда тумар деп айтылады негизги аты томирис бирак томирис патшайым осы атка лайык деп оз басым есептеймын
Томиристің баласының аты Сапаргапис
Сақ патшасы Томирис қай жылдары билік құрды?
Ия томерис мықты сендер қалай ойлайсыздар томерйс пен ғұн соғысса кім жеңеді.
Қанша қате болса да бұны жазуда оңай емес
Дисграфия через край ұрып тұр дешиш
Томирис туралы кандай ғалым жазган