Ғарышкерлер туралы мәлімет

Галактикадағы ең әдемі планета – ол Жер. Оны ғарыш кеңістігінен бақылаған адамдар өте аз. Біз бұл батыл адамдарды ғарышкерлер деп атаймыз. Олар жайлы қандай қызықты ақпараттар бар?

  • Валерий Поляков – орбитада 438 күн болды. Бұл әлем рекорды.
  • Орбитада ғарышкерлердің бойы 4-5 сантиметрге ұзын болады. Өйткені, омыртқаға жердің гравитациясы әсер етпегендіктен, ол түзеледі.
  • Ғарышта бірде-бір адам әлі қайтыс болған жоқ. Жазатайым оқиғалар болды, бірақ олар жердің атмосферасында орын алды.
  • Жердің орбитасында болған адамдардың жалпы саны – 542.
  • 12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бұл күні – Юрий Гагарин, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, Жердің орбитасын алғаш рет айналып шықты.
  • Ғарышта Күннің шығуы және батуы, әрбір 90 минут сайын болады. Сондықтан, ғарышкерлерге ұйықтау қиынға соғады.
  • Ваннаға түсу мүмкін болмағандықтан, шомылу үшін ылғалды губкалар қолданылады.
  • Гравитацияның әсерінен, ғарышкерлердің сүйегіндегі кальцийдін мөлшері өте аз.
  • Егер ғарыш кеңістігінде скафандрге зақым келсе, ғарышкерге тынысын ұстап тұруға болмайды. Өйткені, қысымның төмендеуінен, өкпе жарылып кетуі мімкін.
  • Джен Мервис және Марк Ли есімді американдық астронавттар – ғарышқа бірге ұшқан жалғыз ерлі-зайыптылар.
  • Джон Гленн – ең кәрі космонавт. Ол орбитаға 77 жасында ұшып барды.
  • Ғарышқа ұшқан космонавттардың көздері сәулелену (радиация) алады. Сол себепті, Отанына оралғаннан кейін, олар көз ауруларынан жиі зардап шегеді.