Алма туралы қызықты мәліметтер

Алма — банан және мангодан кейінгі, әлемдегі ең танымал жеміс түрі. Ол туралы көптеген ақпарат белгілі болғанына қарамастан, сіз білмейтін деректер жеткілікті.

.jpg

Алма жайлы 25 мәлімет

  1. Әлемде алманың 7500 түрі өсіріледі. Ең басты өңдірушілер: АҚШ және Қытай.
  2. Тарихшылардың айтуы бойынша, алманың пайда болған жері, қазіргі Алматы қаласының аумағы.
  3. Алманы қабығымен қоса жеген дұрыс. Қабықтың құрамында, ас қорытуды жақсартатын пайдалы элементтер бар.
  4. Ең ұзақ өмір сүріп жатқан алма ағашы — Америкада. Ол ағаш 1647 жылы отырғызылған.
  5. Алманың дәндерінде, цианид деп аталатын, адам өлтіретін у бар. Сондықтан, оны шамадан тыс жемеу керек.
  6. Ол суда батпайды, өйткені ол 20%-ға ауадан тұрады.
  7. Жеміс беретін ағаштардың әрбір екіншісі — алма ағаштары.
  8. Бір алмада 70-100 калорий болады.
  9. Дәстүрлі медицинаға сәйкес, қызыл алмалар — жүрек және қан тамырларын, жасыл — тіс және оның еттерін, ал сары — иммунитетті көтереді.
  10. Алманың кесілген жері тез қарайып кетсе, демек бұл жақсы жеміс.
  11. Ежелгі Грекияда алманың ағашын, Аполлон құдайымен байланыстырған. Сондықтан, оның ағылшынша атауы — «apple».
  12. Археологиялық мәліметтер бойынша, алғашқы алманың ағашын 8500 жыл бұрын отырғызған.
  13. 2005 жылы Жапонияның жергілікті тұрғыны, 1,848 кг алманы өсіріп шағарды.
  14. Құрт жеген алмадан қорықпаңыз, құрт тек табиғи және піскен жемістерді жейді.
  15. Исаак Ньютонның тартылыс заңы, ғалымның басына алма түскен соң пайда болды.
  16. Ұлыбританияда 21 қазан — Алма күні болып саналады.
  17. Зерттеулерге сәйкес, алмалар — онкологиялық аурудың алдын алуға көмектесетін жемістер.
  18. Алманың құмарымда А, В1, В6, Е, С, Р витаминдері бар.
  19. Жер бетінде, алманы өсіретін бақтардың жалпы аумағы — 5 миллион гектар.
  20. Гастрит және асқазанның ойық жарасы ауруларымен ауратын адамдарға, бұл жемісті жеуден бас тарту керек.
  21. Ол қандағы холестериннің мөлшерін азайтады.
  22. Адам бір жылдың ішінде, шамамен 65 алма жеп қояды.
  23. Ұлыбритания елінде, «күніне бір алмадан жеп отырсан, дәрігерге барудан аулақ боласын» деген мақал бар.
  24. Орта ғасырда, шыршаларды алмалармен безендірген.
  25. Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі «Apple» деп аталады.