Жылқы туралы қызықты мәліметтер

Жылқы – жиырма үш ұлттың қасиетті жануары. Қазақтар бұл жануарды қатты құрметтейді. Ат туралы қандай фактілер бар?

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Жылқы жайлы 20 мәлімет

  1. Жылқыны бірінші болып, б.з.д. 5000 ж. Азияның көшпелі халықтары қолданды.
  2. Аттың көзінің радиусы – өте үлкен. Ол тіпті басын бұрмай, артында тұрған барлық нәрсені көре алады.
  3. Әлемдегі ең қымбат жылқы – Шариф биші. Ол араб шейхіне 40 миллион долларға сатылды.
  4. Жылқы күніне кемінде 25 литр су ішеді.
  5. Әлемдегі ең үлкен және ауыр аттын есімі Сэмпсон, оның салмағы 1,52 тонна.
  6. Жылдамдық рекорды Мексиканың айғыры Бех Ракитке тиесілі (69,6 км/с).
  7. Олар адамның дауысындағы эмоцияларды байқай алады.
  8. Аңыз бойынша Ескендір Зұлқарнайынды (Александр Македонский), Буцефал есімді аты 9 рет өлімнен аман алып қалған. Ал шайқас кезінде қайтыс болған соң, оның есімімен қаланы атаған.
  9. Аттарға ұйықтау үшін тәугініне 4 сағат жетеді.
  10. Әлем бойынша жылқының шамамен 160 тұқымы бар. Араб аттары – ең қымбат.
  11. Жылқының тістері: олардың жасын және денсаулығын анықтайтын құрал.
  12. Австралияда археологиялық қазба кезінде жылқы сүйектері табылған жоқ. Бұл материкке олар 18 ғасырда әкелінді.
  13. Жылқылар шамамен 25-30 жыл өмір сүреді. Англияда дүниеге келген «Кәрі Билли» есімді ат, 62 жыл өмір сүрді деген ақпарат бар.
  14. Жылқыларда бес сезім органы өте жақсы дамыған: есту, көру, иіс сезу, дәм тату, сезім түйсігі.
  15. Жауға қарсы қолданатын ең күрделі әдісі – тұяқтың соққысы. Бұл соққы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
  16. Африка тайпаларының сенімі бойынша, аттын тұяғынан мерт болған адам, бірден жұмаққа түседі.
  17. Жердегі жануарлардың барлығының арасында, ең үлкен көздер жылқыда.
  18. Құлын туылғаннан кейін, бірнеше сағаттан соң жүгіре алады.
  19. Аттын сүйектері адамнан 18 сүйекке артық.
  20. Жылқылар аузымен дем ала алмайды, сондықтан мұрны жабық болса, олар тұңшығып қалады.

Ұқсас: Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер