Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер

Өсімдіктер бізді барлық жерде қоршайды: жұмысқа барғанда, баламен бірге жүргенде, сапарға шыққанда, тіпті әрбір адамның үйінде кемінде 1 тірі гүл бар. Бүгін біз сіздерді, өсімдіктер туралы ғажайып деректермен таныстырамыз.

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Өсімдіктер жайлы 20 мәлімет

  1. Әлемде 10 мыңға жуық улы өсімдік бар.
  2. Ең жылдам өсетін өсімдіктер бамбук болып табылады. Бір тәулік уақытта оның биіктігі 0,75-0,9 метрге дейін өседі.
  3. Бразилия ормандарында, бір мезетте 4 литр сүт бере алатын ағаш бар. Ол сүтті ішуге болады, бірақ алдымен пісіру керек.
  4. Сусындағы «кола» атауы, оны дәмдеу үшін Кола ағашының жемістері қолданылатынын көрсетеді.
  5. Бразилияда өсетін Керосин ағашының шырыны – дизель отыны ретінде пайдаланылады.
  6. Біздің планетамызда тышқандармен, бақалармен және тіпті құстармен қоректене алатын өте үлкен жыртқыш өсімдік бар. Ол Азияның ормандарында өседі.
  7. Балдырлар – ғаламшардағы ең көне өсімдік болып табылады. Олардың жасы – 1 мың миллион жыл.
  8. Әлемдегі ең қымбат гүл – Алтын Орхидея.
  9. Бүкіл ғаламда өсімдіктердің шамамен 375 мың түрі бар. Олардың 90 мыңы ғана қоректенуге жарамды.
  10. Балдыршөп – жер бетіндегі ең кішкентай өсімдік.
  11. Ең қауіпті өсімдік Жаңа Зеландия ағашы, ол тіпті атты өлтіре алады.
  12. Ең көне ағаш – Америка Құрама Штаттарының қарағайы.
  13. Жабайы раушан адамдардан ерте пайда болды. Ең кәрісі 50 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
  14. Жер бетінде дәмі тауық сияқты таңғажайып саңырауқұлақтар бар.
  15. Резеңке, өсімдіктен жасалады. Оның аты Гевея.
  16. Планетадағы атмосфераның басым бөлігін балдырлар өңдіреді.
  17. Орташа ағаштан шамамен 170 мың қарындаш жасауға болады.
  18. Ғаламшардың ең ұзын өсімдігі – Sequoia ағашы.
  19. Израильдік фермер Ниссан Тамир, салмағы 10 килограмм болатын үлкен шалғамды – өсіріп шығарды. Бұл факт Гиннестің рекордтар кітабына енген.
  20. Оңтүстік-Батыс Азия мен Араб түбегінде «күлкі гүлі» деп аталатын өсімдік бар. Оның тұқымының бір бұршағы, адамда шамамен жарты сағат бойы күлдіртіп, содан кейін қатты ұйқыға жібереді. Стоматологтар осы өсімдікті емдеу кезінде қолданады.

Ұқсас: Жер туралы қызықты мәліметтер