Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Өздеріңіз білетіндей, ит – адамның ең жақсы досы! Бірақ, басқа жануарлар туралы не айтуға болады? Мектептің оқулықтарында жазылмаған хайуандар жайлы ең қызықты мәліметтер тізімімен таныс болыңыз.

ЖАНУАРЛАР ЖАЙЛЫ 30 ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ

Ұқсас: Адам туралы қызықты мәліметтер

  1. Құмырсқалар мүлдем ұйықтамайды.
  2. Көгілдір киттің тілінің салмағы, пілдің массасымен бірдей.
  3. Қытайда панданы өлтірген адам, өлім жазасына кесіледі.
  4. Қызықты мәлімет, медуза нутрикула (Turritopsis nutricula) – планетадағы өлмейтін жалғыз тіршілік иесі.
  5. Акуланың жүкті болу мерзімі – 4 жыл.
  6. Көгілдір киттер – жердегі ең ірі жануарлар.
  7. Түйе екі апта бойы сусыз өмір сүре алады.
  8. Жердегі сүтқоректілердің арасында, тек қана адам мен дельфин жыныстық қатынасқа ләззат алу үшін түседі.
  9. Жана Зеландия елінде қой саны адамдардан 15 есе көп.
  10. Attacus Atlas – ең үлкен көбелек. Оның қанаттарының ұзындығы 30 сантиметрге жетеді.
  11. Планетадағы ең кішкентай балық – Paedocypris progenetica деп аталады және оның өлшемі тек 8 мм.
  12. Альбатрос ұшып келе жатып ұйықтайды. Олардың миының бір жартысы демалып жатса, екінші жартысы ояу болады.
  13. Амазон өзенінде қызғылт түсті дельфиндер бар.
  14. Жас арыстандар жыныстық қатынасқа тәулігіне 40 ретке дейін түседі.
  15. Тас балық – әлемдегі ең улы балық.
  16. Пілдің тісіның салмағы тоғыз килограммға дейін барады!
  17. Егер егеуқұйрықтарді қытықтатсан, олар күледі.
  18. Теңіз мысығы демін екі сағатқа дейін ұстай алады.
  19. Ақ аюлардың барлығы – солақай.
  20. Қасқыр тамақтану кезінде 20 кг ет жеуі мүмкін.
  21. Бүркіт 250 км/сағаттан жоғары жылдамдықта ұша алады.
  22. Акулалар динозаврлардың алдында өмір сүрген! Олардың сүйектерінің мерзімі 450 миллион жылды құрайды.
  23. Жаңа туылған пілдің салмағы шамамен 100 килограмм.
  24. Үндістанда 50 миллион маймыл бар.
  25. Тышқандардың сүйектерінің саны шамамен 230, ал адамдарда 206 сүйек бар.
  26. Егер арыстан мен ақ аю шайқасса, екіншісі жеңіске жетеді.
  27. Орташа есеппен алғанда, тауық жылына 190 жұмыртқа береді.
  28. Керіктің (жираф) тілінің түсі қара және ұзындығы 50 сантиметрге жетеді.
  29. Барлық жануарлар ішінде, тек шимпанзелер ғана өздерін айнаға қарап таниды.
  30. Әлемнің ең қауіпті құсы – казуар. Олар адамды 10 сантиметр тырнағымен өлтіруі әбден мүмкін.

Ұқсас: Қытай туралы қызықты мәліметтер