Жарқанат туралы қызықты мәліметтер

Ғалымдардың айтуы бойынша жарқанат, адамнан бірінші болып пайда болған. Бұл тірішілік иесі туралы деректер білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз.

.jpg

Жарқанат жайлы 20 мәлімет

  1. Жарқанат — құс емес, ол қолқанаттылар қатарына жатады.
  2. Қан ішетін, вампир тәріздес жарқанаттар Оңтүстік Американы мекен етеді. Олар жануарларға және ұйықтап жатқан адамға шабуыл жасауы мүмкін.
  3. Кішкентай жарқанаттың өзі, бір сағаттың ішінде 600 масаны жеп қоюы мүмкін.
  4. Жарқанат — сүтқоректілердің арасындағы, ұша алатын жалғыз түрі.
  5. Ең үлкендерінің салмағы — 1,6 килограмм ғана. Ал қанаттары — 170 сантиметрге дейін барады.
  6. Егер ол адамды тістеп алса, адам оны сезбейді. Өйткені, оның сілекейінің құрамында жансыздандыратын (анестезия) заттар бар.
  7. Біздің елімізде өмір сүретін жарқанаттар қауіпті емес, олар тек жәндіктермен ғана қоректенеді.
  8. Bracken Bat Cave деп аталатын АҚШ-тағы үңгірде — қолқанаттылардың 20 миллионы өмір сүреді. Бұл — Қазақстанда тұратын халық санынан көп.
  9. Кейбір түрлерінің ұшу жылдамдығы — 100 км/с дейін барады.
  10. Бір-бірімен, адамдар естей алмайтын ультрадыбыстар арқылы сөйлеседі.
  11. Өмір сүру ұзақтығы — 10-15 жыл, сирек кездесетін түрлері — 30 жылға дейін тіршілік етеді.
  12. Қытайда «жарқанат» және «бақыт» деген сөз, бірдей айтылады. Сондықтан, қытайлықтар үшін ол ерекше жануар.
  13. Жарқанаттар түнде ғана тіршілік етеді, күндіз олар бастарын жерге қаратып, ұйықтайды.
  14. Бұл сүтқоректілер — 60-100 миллион жыл бұрын пайда болған. Олар динозаврларлардың дәуірінде өмір сүрген.
  15. Ғалымдар қолқанаттылардың сілекейінен, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектер жасап шығарды.
  16. Қазіргі уақытта, олардың көптеген түрі Қызыл кітапқа енген.
  17. Буддисттар бұл жануарды қасиетті деп санайды.
  18. Олар 20 минуттың ішінде асты толығымен қорытады.
  19. Бүгінгі күнде, оның 1100 түрі белгілі.
  20. 21 қыркүйек — Жарқанаттар күні.