Көшбасшы қандай болуы керек? (эссе)

Көшбасшылар барлық жерде бар. Қоғамның әр қабатында, өнеркәсіптің әр құрылымында. Олар әрқашан болған және болады.

Көшбасшы адамдарды бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелейді. Мұндай адамның мінезі мықты болады. Ол өмір қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Қазіргі қоғам бұл адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, ең маңызды шешімдерді солар қабылдайды.

Көшбасшылық – бұл адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімділігінің көрінісі. Менің ойымша көшбасшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік.

Жақсы көшбасшы – бұл жан-жақты дамыған тұлға. Ол бос уақытын өзін-өзі жетілдіруге жұмсайды. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділікті жоғалтпайды, эмоцияға берілмейді және төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауды біледі.

Топ болып жұмыс істеу өте қиын, ал оны басқару одан да ауыр. Себебі, көшбасшы әр топ мүшесінің тілін тауып, оларға үнемі қолдау көрсетуі қажет. Басқалардың пікірі өзінікіне ұқсамаса да, оларды тыңдай білуі керек.

Ұқсас: Егер мен президент болсам (эссе)