Түйе туралы қызықты мәліметтер
Түйе — басқа сүтқоректілер өмір сүре алмайтын жерлерде мекен етеді. Оны шөл далада көлік ретінде қолданады. Бұл шыдамды жануарлар жайлы қандай деректер білесіз?
Түйе жайлы 25 мәлімет
- Ересек түйенің салмағы — 700 кг.
- Түйелердің отаны — Солтүстік Америка. Азияға Альяска арқылы келген.
- Олар өте шыдамды. 100 километр бойы шаршамай жүре алады.
- Өмір сүру ұзақтығы — 35-40 жыл.
- Демалып жатқан түйені орнынан тұрғызу қиынға соғады, ол өзі қалаған кезінде тұрады.
- Бір ай бойы тамақтанбай жүруге шамасы жетеді.
- Оның терісі күн сәлулесін тойтарып, шөл даланың ыстығынан қорғайды.
- Түйе өркешінде су емес, дененің температурасын төмендетіп отыратын май жиналған. Денесінің орташа температурасы 34-41 градусты құрайды.
- Азиядағы түйелерде екі өркеш, ал араб түйелерінде бір өркеш болады. Екеуін будандастырғаннан туылған түйе «нар» деп аталады.
- Олар тоқтаусыз 200 литр су ішуі мүмкін.
- Түйенің сүтіндегі витаминдер, сиырдың сүтінен 3 есе көп. Оның сүтінен шұбат қана емес, сондай-ақ май және ірімшік жасалады.
- Жүгіру жылдамдығы — 10-12 км/сағ.
- Өркешіндегі майдың салмағы — 35 килограмм.
- Бұл жануарлардың кірпіктері екі қатардан тұрады. Ол түйелерді шөл даланың құмынан сақтайды.
- Түйе 60 километр қашықтықтағы суды сезе алады.
- Арабтарда «түйе» сөзі — «әдемі» дегенді білдіреді.
- Әлемдегі барлық түйелердің саны — шамамен 20 миллион. Ең көбі Австралияда.
- Абай болыңыз! Түйелер алдыңғы аяқтарымен де тебуі мүмкін.
- Өз салмағының жартысына тең жүкті 30-40 километр бойы көтеруге күші жеткілікті.
- Өз жауларынан қорғану үшін, оның бетіне түкіреді.
- Солтүстік Африка елдерінде, қасиетті жануар болып саналады.
- Арабтар оны — «шөл даланың кемесі» деп атайды екен.
- Өркешіне қарамастан, оның омыртқасы түзу.
- Жаңа туған бота 2 сағаттан кейін аяққа тұрып, жүре береді.
- Түйенің етінде май жоқ, сондықтан ол диеталық өнім болып табылады.
Өте керемет
Олияяя деэ)
Оте жаксы
Дааану
дым пайдасы жоқ?пхахахах
…
9-бөліммен келіспеймін. Нар — ол бір өркешті түйенің аты. Айыр өркеш түйе мен нардың арасынан туғанды қазақ «нарқоспақ» демейтін бе еді? «Сендей нарқоспақтың баласы, Маған оңаша жерде жолықсаң» Махамбет. Түкіреді деген не сөз? Құсады демей ме!?
Туйе жылы туралы барма?
?????
Туйенің отарының қазақша атуы қандай?
топтасып жүруін қалай айтады мысалы қойды отар ,сиырды табын дейді сол сияқты
12жасар түйені не дейді?!