Африка туралы қызықты мәліметтер

Ғалымдардың айтуынша, алғашқы адам Африка құрлығында пайда болған. Қазіргі уақытта, бұл материк туралы қандай деректер белгілі?

құрлығы

Ұқсас: Мысыр туралы қызықты мәліметтер

Африка жайлы 25 мәлімет

  1. Африка – көлемі және тұрғындар саны бойынша, әлемде екінші орын алады.
  2. Африкадағы ең көп таралған дін – ислам, одан кейін христиан діні.
  3. ВИЧ жұқтырған адамдардың жалпы саны – 25 миллион.
  4. Француз тілінде сөйлей алатын африкандықтардың саны, Франциядан көп.
  5. 16-18 ғасырлар аралығында, 12 миллион африкалық азамат Еуропаға құлдыққа сатылды.
  6. Пигмейлер – Африкада өмір сүретін халық. Олардың орташа биіктігі – 135 сантиметр ғана.
  7. Бұл материкте, 1 миллион Қытай азаматы тұрады.
  8. Безгек (малярия) ауруымен ауратын адамдардың 90 %-ы осы құрлықта. Жыл сайын бұл аурудың салдарынан, 3000 бала көз жұмады.
  9. Шамамен 40% адамның орта білімі жоқ.
  10. Латын тілінен аударғанда, африка сөзі «күн шуақты» дегенді білдіреді.
  11. Мұнда 1,1 миллиард адам тұрады. 2050 жылы бұл сан – 2,3 миллиардқа дейін көбейеді.
  12. Африка арқылы ағып өтетін Ніл өзені, Амазонкадан кейінгі әлемдегі ең ұзын өзен.
  13. Орташа өмір сүру ұзақтығы өте төмен, шамамен 50 жыл.
  14. Бұл материкте 2000-нан астам тілде сөйлеседі, ең таралғаны араб тілі.
  15. Алтын мен алмаздың ең бай қоры осы құрлықта.
  16. Мадагаскарда, ешқай жерде кездеспейтін жануарлардың түрлері бар.
  17. Сахара – әлемдегі ең үлкен шөл дала. Оның көлемі АҚШ-тан үлкен.
  18. Ең көп пирамида саны Мысырда емес, Судан елінде.
  19. Әлемдегі ең кедей және төмен дамыған материк – Африка.
  20. Туристтер көп келетін ел – Мысыр.
  21. Адамдардың 50%-ы, 25 жасқа әлі толмаған.
  22. Күн сайын, орташа алғанда 96 піл өлтіріледі. Пілдер – жойылып бара жатқан жануарлардың қатарына кіреді.
  23. Нигерия – Африканың адамдар ең көп қоныстанған елі. Жалпы саны – 145 миллион.
  24. 1979 жылы Танзанияда, ең көне адам іздері табылды.
  25. 1998-2002 жылдары, Конголық соғыс кезінде, 5 миллион адам қаза болды. Қайтыс болған адамдардың саны бойынша – бұл соғыс тарихта алдыңғы орындарда тұр.

Ұқсас: Қытай туралы қызықты мәліметтер