Тотықұс туралы қысқаша мәлімет

Тотықұс – адам сөзін қайталауға қабілеті бар ерекше құс. Жарқын келбетінің және дамыған ақыл-ойының арқасында, сүйікті үй жануарына айнала алды.

Тотықұсты басқа құспен шатастырып алу қиын, ол өзінің мықты тұмсығымен бірден көзге түседі. Бұл қанаттылардың тұмсығы – азықты ұстауға, ағаштарға өрмелеуге (үшінші аяқ сияқты) және жаудан қорғануға көмегін тигізеді. Табандарында төрт саусақтан болады, екеуі алдыға, екеуі артқа бағыттталған.

Ең үлкен түрінің салмағы 1,5 кг, ал денесінің ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Ең кішкентай өкілдерінің дене ұзындығы 7-13 см, ал салмағы 12-13 грамм. Табиғи жағдайда тотықұстардың кейбір түрлері 50 жылға дейін өмір сүреді.

Бұл құстардың 330-дан астам түрі белгілі. Жылусүйгіш болғандықтан, олар субтропиктік және тропиктік климатта тіршілік етеді. Ең көп таралған аймақ – Австралия континенті. Көбінесе ормандарда қоныстанады, бірақ, кейбір түрлері далалық және таулы аймақтарда кездесуі мүмкін.

Сөйлеу мүшелерінің ерекше құрылымына байланысты, түрлі дыбыстарды қайталай алады. Дегенмен, тотықұстар сөйлей алмайды, олар тек адамның сөйлеуіне еліктейді. Жануарлар әлемінде олардан басқа ешкімде мұндай қабілет жоқ.

Тотықұстар жер бетінде б.з.д. V ғасырдан бері мекен етеді. Олар ұзақ уақыт бойы өзінің әдемі қауырсындары үшін жойылған. Бұл құстардың санының азаюына ормандардың кесілуіде әсер етті. Қазіргі уақытта, осы қанаттылардың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген.

Бұл үй жануарын пәтеріңізде ұстағыңыз келсе, жас құсты сатып алуға кеңес береміз. Олар жаңа жағдайларға оңай бейімделеді, ұрпақты тезірек береді және белсенді болады. Дұрыс күтім жасаңыз, құсыңыз ұзақ өмір сүреді.

Ұқсас: Бұлбұл құсы туралы мәлімет