Абылай хан туралы мәлімет

Абылай хан – қиын заманда қазақ халқының мүдделерін қорғап қалған саясаткер, әскери қолбасшы және дипломат ретінде белгілі. Ұлы ханға қатысты қызықты деректермен таныс болыңыз.

абылай

  • Шын есімі – Әбілмансұр. Ол Жәңгір ханның тікелей ұрпағы.
  • 13 жасында болғанда, оның әкесі тақ үшін күрес кезінде көз жұмып, Әбілмансұр Түркістанға қашуға мәжбүр болды.
  • Жетім қалғаннан кейін, Төле бидің қамқорлығында болып, оның түйелелерін бақты. Бұл кезенде оны Сабалақ деп атаған.
  • 20 жасында, Жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте жеңген соң, Орта жүз сұлтаны болып жарияланды. Халық оны атасының құрметіне Абылай деп атап кетті.
  • 1742 жылы Есіл өзенінің бойындағы шайқаста Жоңғар әскерінен жеңіліске ұшырап, тұтқынға алынды. Бір жылдан кейін босатылып, күресті ары қарай жалғастырды. Нәтижесінде, қазақ халқының көптеген маңызды жерлері жаудан босатылды.
  • 1754-1755 жылдары қырғыздар Жетісуға шабуыл жасады. Әбілмансұр тез арада әскер жинап, Іле және Шу өзендерінің ортасын жаудан тазартты. Осылайша, ол қазіргі уақытқа дейін сақталған қазақ пен қырғыз арасындағы шекараны орнатты.
  • 1756 жылы қол астында 6000 жауынгер болғанына қарамастан, 40000 қытайлыққа қарсы тұрып, оларды артқа шегіндірді.
  • Үш жүздің басын біріктіріп, 1771 жылы хан болып жарияланды.
  • Оның 12 әйелі, 30 ұлы және 40 қызы болған.
  • Қазақстанның ұлттық валютасының алғашқы 100 теңгілік банкнотасында, Абылай ханның суреті бейнеленген.
  • Абылай хан 1781 жылы 70 жасында қайтыс болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.