Иран туралы қызықты мәліметтер

Иран – Ежелгі Парсы мемлекетінің мұрагері, сондықтан бұл елдің тарихы 5 мың жылды құрайды. Қазіргі уақытта ол – әлемде туристтер ең көп келетін 10 қызықты елдің қатарына кіреді. Иран туралы көбірек білгіңіз келсе, осы мақалыны оқыңыз.

елі

Ұқсас: Түркия туралы қызықты мәліметтер

Иран елі жайлы 25 мәлімет

  1. Ұраны – «Тәуелсіздік, еркіндік, ислам республикасы».
  2. Көзге көрінбейді бірақ, Иран елінің туында 22 рет «Аллаһ ұлық» деп жазылған.
  3. Ирандықтарға әлеуметтік желілерге зан жүзінде кіруге тиым салынған.
  4. Ежелгі заманда, Парсы елінің аумағында әлем халқының жартысы өмір сүрген.
  5. Ислам Республикасы болғанымен, Иран әлемде мұрынға пластикалық ота жасаудан 1-ші орында.
  6. Халықтың 70%-ы, әлі 30 жасқа толған жоқ.
  7. Еркек пен әйел ажырасқаннан кейін, балалар міндетті түрде әкесінде қалады. Анасы балаға деген барлық құқығынан айырылады.
  8. Алғашқы почта жүйесі Ежелгі заманда, Кир патшасы кезінде ойлап табылды деп есептеледі.
  9. Гомосексуализм ауыр қылмыс болып саналады, ол үшін тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін.
  10. Иран тарихи ескерткішкетрдің саны бойынша, Египет және Италиядан кейінгі 3-ші орында.
  11. Иранда мемлекетттік билікті – аятоллалар басқарады.
  12. Жоғарғы мемлекеттік лауазымдарды тек мұсылмандар ғана иелене алады.
  13. Үйленбеген ирандықтарды олар «жігіт емес» деп атайды екен.
  14. Әлемдегі ең қымбат уылдырықты (икра) ирандықтар жасайды, оның бағасы 35 мың АҚШ доллары.
  15. Иран – әлемнің ең көп мұнай өңдіретін елдерінің қатарына жатады. Әлемдік резервтің 10% мұнайы осы елде шоғарланған.
  16. Иранның Десте-Лут шөлінде, жер бетіндегі ең ыстық температура тіркелген (+70 градус).
  17. Иранды Иракпен шатастыру жиі кездеседі.
  18. Иранда әйелдерге автокөлік жүргізуге, бизнес ашуға, басқарушы лауазымдарға отыруға және саястапен айналысуға мүмкіндік бар.
  19. Әлемге әйгілі ғалым Ибн Сина (Авиценна) осы елдің өкілі болған. Бұл адамсыз қазіргі медицинаны елестету қиын.
  20. Иранда – әлемдегі ең үздік кілемдер жасалады.
  21. Бұл елде 3 күнтізбе пайдаланылады: парсы, ислам және григориан.
  22. Бұл мемлекеттің астанасы Тегеран, ауасы қатты ластанған қалалардың қатарында.
  23. Парсыларды арабтар жаулап алмай тұрып, жергілікті тұрғындардың діні – Зароастризм болған.
  24. Елдің жоғарғы басшысын, 86 діни қызметкер кеңес кезінде тағайындайды. Ал жоғарғы басшы өз кезегінде, республиканың президентін тағайындайды.
  25. 1979 жылы Иранның шахы революция кезінде тақтан құлатылғаннан кейін, бұл елде конституцияның орнына шариғат орнатылды.

Ұқсас: Үндістан туралы қызықты мәліметтер