Тасбақа туралы қызықты мәліметтер

Өкінішке орай, жойылып кету қауіпіне байланысты, тасбақа Қызыл Кітапқа енді. Бұл бауырымен жорғалаушы жануар туралы деректер өте көп.

.jpg

Тасбақа жайлы 20 мәлімет

  1. Ең үлкен түрінің салмағы — 600 кг дейін барады.
  2. Оттегісіз 10 сағат өмір сүре алады.
  3. Олар Жер бетінде 200 миллион жыл бұрын пайда болған.
  4. Тасбақа 5 жыл тамақтанбай жүре алады деген мәлімет бар.
  5. Тасбақа ұясындағы температура төмен болса, онда жұмыртқадан еркектер шығады, ал температура жоғары болған жағдайда ұрғашылар пайда болады.
  6. Ол — өте баяу жануар, бірақ олардың суда тіршілік ететін түрлері — 30-35 км/сағ жылдамдықпен жүзеді.
  7. Жер бетін миллиондаған жыл бұрын мекен еткен, тасбақа-архелеонның ұзындығы — 4 метр, ал салмағы — 2 тоннадан асқан.
  8. 100 жылдан астам уақыт өмір сүре алатын тасбақалар бар.
  9. Тасбақаның есту, иіс сезу және көру қабілеті өте дамыған.
  10. Жасыл теңіз тасбақасының күші өте көп, ол арқасына 4 адамды отырғызып, жүре береді.
  11. Тасбақаға жай сөйлесеңіз, ол мойнын созып тыңдайды, ал қатты сөйлейтін болсаңыз, басын қабығының ішіне тығады.
  12. Антарктида материгінен басқа, барлық құрлықтарда өмір сүреді.
  13. Жасыл теңіз тасбақасының қабығының қаттылығы соншалық, оған акуланың өзі қауіп төңдіре алмайды.
  14. Ауа райы суық болған кезде, бірден ұйқыға кетеді.
  15. Қабығында фосфор бар. Сондықтар, түңгі уақытта ол жарқылдап тұрады.
  16. Суық климатта тіршілік ететін жалғыз түрі — Бландинга.
  17. Олар адамның бер-әлпетін жаттап алады.
  18. Әлемде тасбақаның 328 түрі бар. Оның 135-і жақын уақытта жойылып кетуі мүмкін.
  19. Тасбақаларды зерртейтін ғылымның атауы — герпетология деп аталады.
  20. Ең кішкентайының атауы — homopus signatus. Оның өлшемі — 10 см ғана.