Тасбақа туралы қызықты мәліметтер
Өкінішке орай, жойылып кету қауіпіне байланысты, тасбақа Қызыл Кітапқа енді. Бұл бауырымен жорғалаушы жануар туралы деректер өте көп.
Тасбақа жайлы 20 мәлімет
- Ең үлкен түрінің салмағы – 600 кг дейін барады.
- Оттегісіз 10 сағат өмір сүре алады.
- Олар Жер бетінде 200 миллион жыл бұрын пайда болған.
- Тасбақа 5 жыл тамақтанбай жүре алады деген мәлімет бар.
- Тасбақа ұясындағы температура төмен болса, онда жұмыртқадан еркектер шығады, ал температура жоғары болған жағдайда ұрғашылар пайда болады.
- Ол – өте баяу жануар, бірақ олардың суда тіршілік ететін түрлері – 30-35 км/сағ жылдамдықпен жүзеді.
- Жер бетін миллиондаған жыл бұрын мекен еткен, тасбақа-архелеонның ұзындығы – 4 метр, ал салмағы – 2 тоннадан асқан.
- 100 жылдан астам уақыт өмір сүре алатын тасбақалар бар.
- Тасбақаның есту, иіс сезу және көру қабілеті өте дамыған.
- Жасыл теңіз тасбақасының күші өте көп, ол арқасына 4 адамды отырғызып, жүре береді.
- Тасбақаға жай сөйлесеңіз, ол мойнын созып тыңдайды, ал қатты сөйлейтін болсаңыз, басын қабығының ішіне тығады.
- Антарктида материгінен басқа, барлық құрлықтарда өмір сүреді.
- Жасыл теңіз тасбақасының қабығының қаттылығы соншалық, оған акуланың өзі қауіп төңдіре алмайды.
- Ауа райы суық болған кезде, бірден ұйқыға кетеді.
- Қабығында фосфор бар. Сондықтар, түңгі уақытта ол жарқылдап тұрады.
- Суық климатта тіршілік ететін жалғыз түрі – Бландинга.
- Олар адамның бер-әлпетін жаттап алады.
- Әлемде тасбақаның 328 түрі бар. Оның 135-і жақын уақытта жойылып кетуі мүмкін.
- Тасбақаларды зерртейтін ғылымның атауы – герпетология деп аталады.
- Ең кішкентайының атауы – homopus signatus. Оның өлшемі – 10 см ғана.
Өте қызық ақпараттар екен. Рахмет!
Өте қызық ақпарат. Маған тасбақалар ұнаиды.Көп ракмет