Саңырауқұлақ жайлы мәлімет
Саңырауқұлақ — біздің ғаламшарымыздың ең ерекше өкілдерінің бірі. Оны жануар деп те, өсімдік деп те айта алмаймыз. Ғалымдар оларды — «саңырауқулақтар патшалығы» деп аталатын жаңа түрге еңгізді.
Саңырауқұлақтар — Жер бетінде ұзақ уақыт бойы тіршілік етеді. Олар тіпті, динозаврлардан бұрын пайда болған.
Әлемде 2 миллионнан астам түрі бар. Олар: жеуге жарамды, жеуге жарамсыз және улы болып бөлінеді.
300 миллион жыл бұрын, олардың ұзындығы 10 метрге дейін жеткен.
Сасық саңырауқұлақ — ең улы түріне жатады. Оның бір қалпағы 3-4 адамды өлтіруі мүмкін. Ежелгі Рим императоры — Клавдий, осы удан мерт болды.
Ең үлкен саңырауқұлақ АҚШ-та өмір сүреді. Ол 900 гектар жерді алып жатыр, ал салмағы бірнеше тонна.
Плазмодий саңырауқұлағы жүре алады. 2 тәуліктің ішінде, 1 метр қашықтыққа жылжиды.
Жерқұлақ (трюфель) — ең қымбат түрі болып саналады, 1кг — 2500 долларға бағаланады.
1940 жылы А.Флеминг, бұл өсімдіктерден пенициллинді бөліп шығарды. Осылайша, тарихтағы алғашқы антибиотик жасалды.
Орташа алғанда, әрбір саңырауқұлақ 90%-ға судан тұрады.
Фунготерапия — саңырауқұлақтардың емдік қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Түлкішек деп аталатын түрі — паразиттарды жояды. Көптеген адамдар оны дәрі ретінде пайдаланады. Иммундық жүйені қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Өте баяу өседі. Жылына шамамен — 10 сантиметрге.
Пайдалы өнім болып саналады. Оның құрамында ақуыз көп, ал холестерин мүлдем жоқ. Сондай-ақ, ол көптеген дәрумендерге бай.