Ми туралы қызықты мәліметтер
Ми – адамның ең жұмбақ мүшесінің бірі. Ол – біз білмейтін көптеген құпияларға толы. Сіздерді миға қатысты ең таңғажайып фактілермен таныстырамыз.

Ми жайлы 18 мәлімет
- Біз мидың 10%-ын ғана пайдаланамыз деген мәлімет бар. Бұл жалған ақпарат. Өйткені, мидағы артық жасушалар өздігінен өледі.
- Ми – екі жарты шардан тұрады. Сол жақтағы жарты шар – ойлау және сөйлеу, ал оң жақ – эмоция және интуция үшін жауап береді.
- IQ деңгейі ең жоғары мемлекет – Жапония.
- Оның энергиясы электрлі шамды жағуға жеткілікті.
- Адамның миында 85 миллиард жүйке жасушасы болады. Бірақ олардың көпшілігі бала кезімізде жойылады. Мида тек қана пайдалы нейрондар ғана қалады.
- Физикалық белсенділік – оттегі мен глюкозанын миға жеткізілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, спортпен айналысыңыз.
- Ол дене массасының 3%-ын ғана алады, бірақ оттегінің 20%-ны тұтынады.
- Ұялы телефонды жиі пайдалану, мидың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
- Оның салмағы – 1200-1400 грамм.
- Адамның ақылды болуы, мидың салмағына байланысты болмайды.
- Асқазанда «екінші ми» бар, ол біздің көңіл-күйімізді және тәбетімізді басқарады.
- Ол – әсіресе ұйқы уақытында белсенді жұмыс істейді.
- Май – жүрекке зиянды, ал ми үшін пайдалы. Бұл мүше 60%-ға майдан тұрады.
- Адамның бір тәуліктегі ойларының саны – 70000-ға дейін барады.
- Адам мас болған кезде, оның есте сақтау қабілеті төмендейді.
- Зерттеуге сәйкес, есінеу – миды оятуға көмектеседі.
- Бұл ойлау мүшесі, 2-11 жас аралығында жылдам дамиды.
- Өнімділігін арттыру үшін, қажетті мөлшерде су ішу ұсынылады.