Спорттың денсаулыққа пайдасы

Спорт – салауатты өмір салтынын негізгі бөлігі. Физикалық белсенділік денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді екен.  

пайдасы
Фото: segodnya.ua

Спортпен айналысудың артықшылықтары

  • Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді және стресспен күреседі.
  • Арықтауға көмектеседі. Физикалық белсенділік – метаболизмді арттырып, қосымша калорийлерді азайтуға ықпалын тигізеді.
  • Спортпен шұғылдану – иммунитетті және төзімділікті арттырады.
  • Тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Спорттық іс-шаралар денеден көп күш алады, сондықтан ұйқы ұзақ және күшті болады.
  • Дене шынықтыру кезінде өкпеде өзгерістер пайда болады. Өкпенің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, бронхит және пневмония аурулары туралы ұмытуға болады.
  • Жаттығулар жасау кезінде, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жақсы әсер ететін эндорфиндер шығарылады.
  • Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттеріне тигізетін пайдасы үлкен.
  • Созылмалы аурулардың пайда болуының басты себептерінің бірі – дене белсенділігінің болмауы.
  • Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады.

Абай болыңыз! Шамадан тыс жаттығулар қауіпті және түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.

Денсаулыққа пайдалы спорт түрлері

.jpg
Фото: molnet.ru
  • Теннис. Зерттеулерге сәйкес, ол ағзаға ең үлкен пайда әкелетін спорттың түрі. Бұл ойын кезінде өкпе және бұлшықеттер үнемі жұмыс істеп отырады.
  • Велосипед спорты. Велоспорт – аяқ бұлшық еттері, жүрек және өкпені күшейтетін спорттың түрі. Велосипедтен жүргенде, біздің өкпеміз толық күшпен жұмыс жасайды. Нәтижесінде оттегі қанға барып, ары қарай миға жеткізіледі.
  • Жүзу. Малту барысында иық және жамбас буындары күшейеді. 10 минут ішінде, 60 калорий «жанып» кетеді. Өйткені, жүзу кезінде көп күш жұмсалады.
  • Аэробика. Оның ішіне – жүгіру, би және гимнастика кіреді. Аэробика жүрек-тамыр ауруының болу мүмкіндігін төмендетеді.

Спорт – адамның денсаулығын қалыпқа келтіретін құрал. Оның қандай түрін таңдасаңыз да, ең бастысы одан рахат алу.