Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Ұялы телефонның пайда болған сәтінен бастап, олардың пайдасы және зияны жайлы көптеген даулар басталды. Осы тақырыпта, мобильді телефондардың адам ағзасына қаншалықты қаупі бар екені туралы айтып өтеміз.

Ұялы телефондардың арқасында өмір сүру әлдеқайда жеңілденді. Адамдарда бір-біріне деген алаңдаушылық тумайды, себебі кез-келген уақытта өзара байланысуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, телефонды Интернетке қосып, ғаламтор арқылы жаналықтар көруге немесе поштаны тексеруге болады. Бірақ артықшылықтармен бірге, ұялы телефонның бірқатар елеулі кемшіліктері бар.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ЗИЯНЫ

  • Иммундық жүйенің зардап шегуі.

Норвегия мен Данияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонды пайдаланушылар көбінесе бас ауруларына және ұйқышылдыққа шағымданады. Сонымен қатар, ұялы телефон шығаратын зиянды электромагниттік өрістердің әсерінен дененің иммундық жүйесі зардап шегеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ағзаның ауруларға және басқа да зиянды сыртқы әсерлерге төзімділігін төмендетуі мүмкін. Америкада 90-шы жылдардың басында ерекше сот процесі өтті. Адвокаттар ми ісігінен зардап шеккен әйелдің өліміне, ұялы телефонның зияны әсер еткенін дәледей алды. Басыңызды байқаңыз.

  • Көру қабілеті нашарлайды.

Ресейде егеуқұйрықтарға өткізіліген эксперименттер кезінде, электромагниттік толқындардың әсерінен жануарлардың көру қабілеті төмендеген.

  • Ұйқы қанбайды.

Ұйықтау кезінде, тіпті ең қарапайым ұялы телефон ұйқыңыздың қануына кедергі келтіруі мүмкін. Өйткені, ұялы телефонның электромагниттік толқындары орталық жүйке жүйесіне кері әсер етеді.

Ұқсас: Тез ұйықтау үшін не істеу керек?

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ

  • Адамдар арасындағы байланысты кеңейтеді.
  • Ата-аналарға әрқашан баланың қай жерде екенін білуге мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайда полицяға немесе жедел жәрдемге тез қоңырау шалуға болады.
  • Интернеттен қажет ақпарат алуға көмегін тигізеді.
  • Керек кезде калькуляторды, оятқышты, сағатты, шамды, камераны қолдану мүмкіндігі бар.

БАЛАЛАРҒА ЗИЯНЫ

  • Баланының дамуын баяулатады.
  • Ұйқының бұзылуы.
  • Омыртқаға кері әсерін тигізеді.
  • Көру қабілетінін нашарлауы.

Ұқсас: Темекі шегудің зияны

 ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • аса қажет болмаса, телефонды пайдаланбаңыз;
  • ұялы телефонмен 3-4 минуттан артық үздіксіз сөйлеспеңіз;
  • балалардың қолына бермеңіз;
  • жүктілік кезінде қолданбаңыз;
  • сатып алар кезде, сәулелену қуаты төмен ұялы телефонды таңдаңыз;
  • имплантацияланған кардиостимуляторды қолданатын адамдарға, телефонды пайдалануын шектеу.