Ит туралы қызықты мәліметтер

Ит – адамның ең адал және ақылды досы. Бұл үй жануары туралы барлық ақпарат белгілі деп ойлайтын болсаңыз, қатты қателесесіз.

.jpg

Ит жайлы 25 мәлімет

  1. Иттің иіс сезу қабілеті, адамнан кем дегенде 10000 есе артық. Ал есту қабілеті 10 есе жоғары.
  2. Ит – қасқырдың тікелей ұрпағы.
  3. Ойлау деңгейі – 2 жасар баламен бірдей.
  4. Күшіктерде – 28, ал ересек иттерде – 42 тіс.
  5. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 10-15 жыл.
  6. Жүрегінің соғуы адаммен бірдей, минутына 60-100 соққы.
  7. Итке шоколад беру өте қауіпті. Өйткені, ол жүйке жүйесі және жүрек бұлшықеттеріне кері әсерін тигізеді.
  8. Жаңа туылған күшік соқыр және саңырау болады. Екі күннен кейін ғана көздері көре бастайды.
  9. Құйрығын қозғалтса, бұл қуаныштың немесе шыдамсыздықтың белгісі.
  10. Чихуахуа деп ататын иттер – алғаш болып Мексикадағы Чихуахуа деген штатта табылды және сол штаттың атымен аталды.
  11. Юрий Гагариннан бұрын, ғарышқа алғаш болып Лайка есімді үй жануары ұшты.
  12. Стар Тайтл – ең жылдам иттің есімі. Оның жылдамдығы – 67 км/сағ.
  13. Олар – автокөліктің доңғалағының астында көз жұматын жануарлардың арасындағы көшбасшы. Екінші орында – тауық.
  14. Иттің 703 тұқымы бар.
  15. Иран елінде, иттерді үй жануары ретінде ұстауға тиым салынған.
  16. Ең ұзын иттің бойы – 2 метр 20 сантиметр.
  17. Үрмейтін иттің тұқымы – Басенджи деп аталады.
  18. Ең ұзақ өмір сүрген ит – 29 жасында қайтыс болды.
  19. Лабрадор – әлемдегі ең танымал тұқым.
  20. Көптеген елдерде 26 тамыз – Иттер Күні болып саналады.
  21. Иттердің 45%-ы, өз иелерінің төсегінде ұйықтайды екен. Бұл үйлерде – олар нағыз отбасы мүшесі болып саналады.
  22. Ұлы Отан Соғысы кезінде, Қызыл әскердің қатарында 70000 ит қызметте болды.
  23. Ит сөзі латынша «canis» деп айтылады. Канар аралдары осы жануардың атымен аталған.
  24. Ғалымдардың айтуынша, оларда біз сияқты түс көреді.
  25. Ұлы Александр (Македонский) жаңа қала құрып, итінің құрметіне ол қалаға Перитас деген атау берген.