Ғаламтор туралы 25 мәлімет

Бастапқыда құжаттармен алмасу мақсатында жасалған жоба, кейін ғаламтор деген атқа ие болды. Қазіргі заманды бүкіләлемдік желісіз елестету өте қиын. Сол себептен, интернет туралы сіз білмейтін қызықты фактілер жинадық.

.jpg

Ұқсас: Компьютердің пайдасы мен зияны

  1. Ғаламторды жасаған технология, 1960-шы жылдары пайда болды. Ол «Arpanet» деп аталды және АҚШ үкіметінің мақсаттары үшін құрылды.
  2. Қазіргі уақытта бүкіләлемдік ғаламтор желісін, 3,5 миллиард адам пайдаланады.
  3. Әлемдегі ең жылдам интернет – Сингапур елінде (56 Мбит/с).
  4. Әлемде 4 миллиард электрондық пошта тіркелген. Күн сайын олардан 190 миллиард хабарлама жіберіледі. Хабарламалардың 75%-ы спам.
  5. Америкада тұрмыс құрған жұптардың 19%-ы, интернет желісінде танысқан.
  6. Ғаламторға қосылған құрылғылардың саны, планетадағы адамдардың санынан көп.
  7. Исландияда ғаламтормен халықтың 97,8%-ы қолданады. Бұл –  әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.
  8. Интернет-дүкендердің саны, жай дүкендердің санынан асып кетті.
  9. Эверест тауының ең биік шышында, ғаламтор қолдану мүмкіндігі бар.
  10. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі барлық адамның профилін көріп шығу үшін, сізге 1000 жыл қажет.
  11. Алғашқы сайт 1990 жылы ашылды.
  12. Ғаламтор қолданушыларының 50%-ы, Азияда тұрады.
  13. Антарктиданың «aq» деп аталатын домені бар. Бірақ оны қолдану үшін, Антарктидада өмір сүру қажет.
  14. 2011 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы – ғаламторға кіруге тыйым салу, бұл адамның құқығының бұзылуы деп мәлімдеді.
  15. «Mosaic» деп аталатын алғашқы браузерді, 1993 жылы Иллинойс университетінің мамандары жасады.
  16. Ғаламтордың ең ірі қарсыласы – әнші Элтон Джон. Оның айтуынша, сапасыз музыканың көбеюінің басты себебі – бүкіләлемдік интернет желісі.
  17. Youtube сайтына әр минут сайын, шамамен 100 сағат жаңа бейнежазба  жүктеледі.
  18. Ең алғашқы смайлик :-). Оны 1982 жылы американдық ғалым Скотт Фальман ойлап тапты.
  19. Пәкістанда, Youtube және Facebook желілеріне кіруге шектеу қойылған. Билік өкілдері бұл сайтттар ислам заңдарына сәйкес келмейді деп есептейді.
  20. Солтүстік Кореяда интеренет желісіне, тек қана шенеуніктер және әскери адамдар ғана кіре алады.
  21. Ең қымбат доменнің аты – Vacationrentals.com. Ол 2007 жылы 35 миллион долларға сатылып кетті.
  22. Әр минут сайын – 70 жаңа сайт ашылады.
  23. Әлеуметтік желілердегі аккаунттардың 40%-ын, спаммерлер ашқан.
  24. Желідегі суреттердің 80%-ында, жалаңаш әйелдер бейнеленген.
  25. Абай болыңыз! Хакерлердің әрекетінен, жылына шамамен 300 миллион адам зардап шегеді.

Ұқсас: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны