Компьютердің пайдасы мен зияны

Қазіргі заманда компьютер адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл құрылғы – әрбір үйде бар. Бұрын компьютерлер жұмыс істеу үшін қажет болатын, ал қазір оларды өмірдің барлық салаларында қолданады. Компьютердің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның адам денсаулығына теріс әсері туралы белгілі. Егер қолдану кезінде негізгі ережелерді сақтасаңыз, зияны аз болады.

Компьютердің адам ағзасына зияны

Компьютерлердің адам ағзасына кері әсері:

  • құрылғыдан шығарылған сәуле денсаулыққа зиянды;
  • шамадан тыс қолдану, адамның көру қабілетінің бұзылуына әкеліп соғады (катаракта басталуы мүмкін);
  • ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болады;
  • егер адам компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса, онда жасөспірімдерде сколиоз, ал ересектерде остеохондроз ауруы болуы мүмкін;
  • жасөспірімдерге ұзақ көп бойы ойын ойнау, өте қауіпті;
  • иммунитет төмендейді.

Балалар бақыланбайтын болса, интернеттен психикасын бұзатын көптеген ақпараттарға тап болады. Бұл әртүрлі эмоциялықдық ауытқуларды тудыруы әбден мүмкін.

Ұқсас: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Компьютердің пайдасы

Компьютерлердің артықшылықтары:

  • арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс процесін барынша оңтайландыру (бұл еңбек өнімділігінің артуына әкеледі);
  • бұл құрылғы құңды файлдардың сенімді сақталуын қамтамасыз етеді;
  • пайдаланушыға қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік беру;
  • интернетте сақталатын үлкен ақпараттың арқасында, адамның білімін арттырады;
  • алыс жердегі достарымен хат алмасу және бейне байланыс арқылы (кез келген уақытта) қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.

Егер сіз компьютерді ақылға қонымды шектерде қолдансаңыз, дұрыс қолдану тәсілдерін білетін болсаңыз, оның адам денсаулығына зияны едәуір азайтылады.

Қалай қолдану керек

  • жоғары сапалы мониторды пайдалануға кеңес беріледі. Бұл зиянды сәулелерді азайтады және көзге жақсы әсер етеді;
  • ыңғайлы орындықта отырған дұрыс, ол арқаның бұлшықеттеріне түскен жүктемені кемітеді;
  • кейде жаңа монитор орнатқаннан кейін, көздің қысымы және бастын ауырсынуы пайда болады. Бұндай жағдайда монитордың параметрлерін өзгерту қажет;
  • компьютермен жұмыс істегенде, монитор көзден 70 см қашықтықта болуы керек, сонымен қатар арқа түзу, ал аяқтар еденде ыңғайлы түрде орнығуы қажет;
  • егер сіз ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында отырсаңыз, денсаулыққа зиян тиуі мүмкін. Әр сағат сайын үзіліс жасаңыз;
  • күнделікті серуендер туралы ұмытпаңыз, олар тек пайда әкеледі;
  • балаларды монитордын алдында күніне кемінде бір сағатқа ғана отырғызыңыз. Өйткені, компьютерден шығатын сәулелер олардың денсаулығына пайдалы емес.

Компьютер адамдарға зиян әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар пайда да әкеледі. Онсыз өмірді елестету қиын. Ол барлық технологиялық процестерде қолданылады. Бұл ақпараттың сарқылмас қоймасы. Әрине, монитордың алдында барлық уақытын жұмсап отыру дұрыс емес. Бұл жақсылыққа әкелмейді.