Арыстан жайлы қызықты мәліметтер

Арыстан — аңдардың патшасы болғандықтан, оның өмірі туралы фактілер, көптеген адамдар үшін қызуғышылық тудырады. Бұл ірі мысық — өз аумағына кірген кез-келген қарсыласты жеңе алады. Бақытымызға орай, олар адамдарға сирек шабуыл жасайды.

lion-794962_640

2010-2017 жылдар аралығында, белгісіз себептермен, арыстандардың саны 40%-ға азайды.

Бүгінгі күні, әлемде шамамен 50 мың арыстан ғана қалды.

Орташа өмір сүру ұзақтығы — 13 жыл. Жаңа туылған арыстандардың  60-70%-ы, бір жылдың ішінде өліп қалады.

Оларды жалқау жануар деп атауға болады. Өйткені, бір тәуліктің 20 сағатын ұйқымен өткізеді.

Аң аулауға түнде шығады. Өйткені, олардың көздері түңгілік уақытта өте жақсы көреді. Сондай-ақ, бұл жыртқыш аңдардың жылдамдығы — 80 км/сағ дейін жетеді.

Олардың басты азығы — зебра және бөкен. Аң аулаумен көбінесе арыстанның қаншығы айналысады. Ал еркегі, өз аумағын сыртқы жаулардан қорғайды.

Бұл жыртқыштардың ұжымы — прайд деп аталады. Прайдта 40 аңға дейін болады. Еркектері, қартайған кезде прайдтан қуылып, орындарын жас арыстандар басады.

Қызықты мәлімет: олар жыныстық қатынасқа — бір аптада шамамен 400 рет түседі!

4 тәулікке дейін сусыз жүре алады.

Арыстан — бір күнде 30 килограмм ет жеп қоюы мүмкін.

Тарихтағы ең үлкен арыстанның салмағы — 318 кг, ал ұзындығы — 3,35 см болған.

Қазіргі уақытта, бұл жануарлар Африка мен Үндістанда ғана мекен етеді. 1,5 мың жыл бұрын, Еуропада тіршілік еткен, бірақ адамдар — бұл аңдарды толығымен жойып тастады.

Арыстан ақырған кезде, әрбір адамның шашы тік тұрады. Бұл қорқынышты дыбыс — 8 километр қашықтықта дейін таралады.