Жыныстық қатынастың пайдасы және зияны

Көптеген адамдар жыныстық қатынасты тек қана ләззат әкелетін іс-әрекет деп санайды. Жыныстық қатынастың ағзаға пайдасы да, зияны да бар екені туралы ешкім ойланбайды. Еркекпен әйел арасындағы сексуалдық қарым-қатынас стрессті азайтуға, артық салмақтан арылуға, сондай-ақ жүрекке пайдалы.

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ ПАЙДАСЫ ·

  • Етеккір кезіндегі ауырсынуларды басады. Гинекологтардың айтуы бойынша, оргазм кезінде орын алған жатырдың қысқаруы, жамбас органдарындағы қан ағымын жақсартады. Бұл менструация кезіндегі ауырсынуды азайтады.
  • Сұлулықты сақтайды. Әйелдерде жыныстық қатынас кезінде эстроген дамиды. Ол терінің, тырнақтың және шаштың жағдайын жақсартады.
  • Ұйқысыздықтан көмектеседі. Физикалық қарым-қатынастан кейін адам босаңсып қалады, сондықтан ұйқының сапасы жақсарады.
  • Жүктілік кезінде пайдалы. Жыныстық қатынас плацентаның қан айналымын жақсартады, ол болашақ нәрестені оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
  • Босанғаннан кейін зәр шығаруды ұстамаудан көмектеседі. Баланы көтеріп жүрген кезде, жамбас бұлшық еттері созылады. Бұл жүктіліктен кейін зәр шығарудың бұзылуына әкелуі мүмкін. Тұрақты сексуалдық қарым-қатынас созылған бұлшықеттерді орнына келтіруге көмегін тигізеді.
  • Депрессия мен стрессті жояды. Антидепрессанттар депрессиямен күресудің жалғыз жолы емес. Олармен күресудің жақсы көмегі еркекпен болу. Еркектердің сперматозоидында простагландин бар, ол стресс гормоны кортизолдың деңгейін төмендетеді. Бұл зат әйелді психологиялық жағдайына оң әсер етеді.
  • Салмақты жоғалтуға көмектеседі. Белсенді секс – белгілі бір бұлшықет топтарын нығайтуға көмектесетін физикалық жаттығу. Сіз бір сексуалдық қатынастан кейін 100 калория өртей аласыз. Қатынас кезінде пульстің жылдамдығы артып, минутына 140 соққыға дейін жетеді, соның арқасында метаболизм жақсарып, майлар жоғалып кетеді.

ЗИЯНЫ

  • Босанғаннан кейінгі жыныстық қатынас, әйелдердердің денсаулығына жаман әсерін тиеді. Бала туғаннан кейін, дәрігерлер сексуалдық жақындасудан 1,5-2 айдан бас тартуға кеңес береді. Жатырдың қалпына келуіне кем дегенде алты апта уақыт қажет. Өйткені әлсіреген органдарға инфекция кетуі мүмкін.
  • Аяқ астынан жүкті болып қалу. Бұл жағдайды болдырмау үшін сақтанатын көптеген контрацептивтердің түрлері бар.
  • Жыныс мүшелерінде қанның тұрып қалуы. Қатынас кезінде жамбас органдарына қан толады, ал оргазмнан кейін ол қан таралып кетеді. Егер әйелде оргазм болмаса, онда қан тұрып қалады, ал бұл оның денсаулығына зиянын тигізеді.

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРКЕКТЕРГЕ ПАЙДАСЫ ·

  • Репродуктивті функцияны жақсартады. Тұрақты жыныстық қатынас сперматозоидтің сапасын жақсартады.·
  • Жастық шақты ұзартады. Ерлерде сексуалдық жақындасу кезінде белсенді түрде тестостерон шығарылады. Гормон бұлшықет сүйектерін нығайтады, аналық бездердің жұмысын жақсартады және қартаюды бәсеңдетуге көмектесетін метаболизм процестерін тудырады.·
  • Простата ауруын болдырмайды. Жыныстық қатныас простатит ауруын алдын алудың жақсы амалы.·
  • Қан тамырлары және жүрек нығайтылады. Пульс күшейіп, жүрек қарқынды жұмыс істейді, сөйтіп жүрек жаттығады.·
  • Иммунитетті көтереді. Сексуалдық акт иммуноглобулинды шығаруға көмектеседі. Бұл зат организмда инфекциялармен күресуге көмектеседі.

ЗИЯНЫ

Ерлерге секс зиян келтірмейді. Қорғалмаған жыныстық қатынас және серіктестердің жиі өзгеруі – бұл ауру жұқтырып алудың қаупін тудырады. Олардың кейбіреулерін емдеу қиын, ал кейбіреулері мүлдем емделінбейді, мысалы, ЖИТС(СПИД).