Қой жайлы қызықты мәліметтер

Бұл жануарлар – б.з.д. 11000 – 9000 жылдар аралығында қолға үйретіле бастады. Бұған оның еті мен қалың жүні себеп болды. Бүгінгі таңда, қой шаруашылығы бірқатар елдер үшін ең маңызды экономикалық бағыттардың бірі болып саналады.

.jpg

Ғалымдардың пікірінше, қойдың ең жақын туысы – Ежелгі Месопатамияда мекен еткен муфлон жануары. Муфлондарда қуатты мүйіздер болған, олар соның көмегімен жыртқыштардан қорғанған. Бірақ, уақыт өте келе керемет мүйіздерінен айырылып қалды.

Қазіргі уақытта, әлемде шамамен 1,2 миллиард қой бар. Олардың 200 миллионы Қытайда, 70 миллионы Австралияда, 60 миллионы Үндістанда. Ал, Қазақстандағы қойлардың жалпы саны 20-25 миллион.

Қой шаруашылығымен айналысу үшін көп қаражат кетіру қажет емес, олар өте тез өседі, жас малдарды 7-8 айдан кейін соя беруге болады. Бір мал жылына екі рет қырқылады, соның арқасында, он шақты килограмм жүн табасыз. Фермаңыз оңдаған қойдан басталып, 2-3 жылдан кейін бірнеше жүзге дейін көбейеді. Бұл малдардан келесі өнімдерді алуға мүмкіндік бар: ет, май, сүт, ірімшік, жүн және тері.

Ашық кеңістікте өздерін нашар сезініп, үрейлене бастайды. Ал, айналасында қоршау болғанда, бойын еркін ұстайды. Сондықтан, отармен өмір сүруге тырысады. Отардың басында – ең мықты мүйіздері бар қошқар тұрады. Таңертеңгілік және кешкілік уақытта жайылғанды ұнатады. Бұл малды азықтандыру қиын емес: олар кез-келген өсімдіктерді жей береді. Шөптермен, бұталармен, ағаш жапырақтарымен және жидектермен қоректенеді.

Қойлар төзімді және қарапайым жануарлар. Олар озбыр мінезді емес, оңай басқарылады. Бір бақташы, мыңдаған қойды бағып жүре алады. Кемшіліктеріне келетін болсақ, бұл малдар жаңа ортаға баяу үйренеді және әдеттерін өзгерту қиын. Олар сезімтал, қатты дыбыстардан шошиды, қараңғы және жабық кеңістіктерден қорқады.

Ұқсас: Сиыр туралы қызықты мәліметтер