Сиыр туралы қызықты мәліметтер

Бұл жануарларды балалар да, ересектер де біледі. Сиыр – адамзат үшін қиын кезеңдерде үлкен рөл атқарды, сондықтан біз оларға ризашылық білдіруіміз керек.

.jpg

Сиыр жайлы 21 мәлімет

  1. Сиыр – 8 мың жыл бұрын қолға үйретілді.
  2. Ең ауыр сиырдың салмағы – 2 тоннадан асқан.
  3. Оның сүтіндегі ақуыз (белок) – адам ағзасындағы токсиндерді шығаруға көмектеседі.
  4. Ең көп таралған сүтқоректілер – адамдар, ал екінші орында – сиырлар.
  5. Бұл сүтқоректілердің жалпы саны – 1,3 миллиард.
  6. Жүктілік мерзімі адамдармен бірдей – 9 ай.
  7. Мұрнының іздері, адамның саусақ іздері сияқты бірегей.
  8. Бір сиыр өмірінде 200 мың стақан сүт береді.
  9. Ежелде сиырлардың саны бойынша, адамның байлығы өлшенетін. Яғни, ол ақшаның орнына болған.
  10. Ең ұзақ өмір сүрген сиырдың жасы – 48 жыл.
  11. Оның тезегі медицинада, құрылыста және отын ретінде қолданылады.
  12. Аргентина – сиырдың етін өңдіретін көшбасшы мемлекет.
  13. Сүтінің дәмі, сиырдың немен қоректенгендігіне байланысты.
  14. Олар түстерді ажырата алмайды.
  15. Африкада «патшадан кейін, сиыр маңызды» деген мәтел бар екен.
  16. Үндістер үшін ең қасиетті жануар. Оны өлтіргендер түрмеге қамалады. Ал Куба елінде осындай қылмыс үшін, өлім жазасына кесілу мүмкіндігі жоғары.
  17. Сүт беретін сиырлар, бір күнде шамамен 150 литр су ішеді.
  18. Олар да ит сияқты өз есімін жаттап алады.
  19. Өзіне ұнаған кісіні жалайтын әдеті бар.
  20. Әлемде ірі қара малдың 100-ден аса тұқымы бар.
  21. Ол – басын артқа бұрмай, 330º айналаны көріп тұрады.