Ғаламтордың пайдасы мен зияны (эссе)

Ғаламтордың пайда болуы біздің өмірімізді біршама өзгертті. Бүкіләлемдік желіні жер шарының жартысынан көбі қолданады. Оның көптеген артықшылықтары болғанымен, кемшіліктері де жеткілікті.

.jpg

Ұқсас: Компьютердің пайдасы мен зияны

Интернет туралы шығарма

Интернет адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Егер бұрын, соңғы жаңалықтарды білу үшін адамдар газетке жазылуға немесе теледидардан кешкі жаңалықтарды күтуге мәжбүр болса, қазір қалаған ақпаратыңды ұялы телефоннан көруге болады. Дәрігерге кіру үшін немесе киноға билеттар алу үшін – кезекте тұрудың қажеті жоқ. Өйткені, үйден шықпай, электронды түрде орын алуға мүмкіндік бар.

Ғаламтордың көмегімен, басқа мемлекеттердегі адамдармен байланысуға болады. Кез-келген континентте жүрген танысыңызға, видеоқоңырау шалуыңызға мүмкіндік жасалған. Бұл технология –  алыс қашықтықта орналасқан туыстарыңызбен хабарласу үшін өте ыңғайлы.

Жоғарыда келтірілген дәлелдер бойынша, интернет желісі, қазіргі заманғы адам үшін өте қажет екеніне көз жеткізуге болады. Дегенмен, ғаламтордың зияны да бар. Ең біріншісі – ғаламторға тәуелділік проблемасы. Ғалымдардың айтуынша, олардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл адамдар – интернетсіз бір күн де ​​өмір сүре алмайды. Олар шын өмірмен, виртуалды өмірдің арасындағы айырмашылықты түсінбейді. Сол себептен, отбасынан және достарынан алшақтап, барлық уақытын компьютердің алдында өткізеді.

Сонымен қатар, виртуалды кеңістікте көптеген қауіпті адамдар бар екені белгілі. Кейбір әлеуметтік желілерде жүргізілген насихаттар бойынша, жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсаған жағдайлар болды. Сондықтан, ата-аналар балалардың интернетті қолдану уақытын шегеруі керек.

Қорытындылай кететін болсақ, соңғы жылдары бүкіләлемдік интернет желісі адамзаттың дамуына үлкен серпіліс берді, бірақ бұл технологияларды ақылға қонымды мөлшерде қолдану керек, сол кезде ғана ол пайда әкеледі.

Ұқсас: Ғаламтор туралы 25 мәлімет