Қалай сүйісу керек?

Сүйісу арқылы адамдар өз ұнататын жанына сүйіспеншілігін білдіреді. Бірақ, қалай дұрыс сүйісу керек екенін барлығы біле бермейді, ал кейбіреулері тіпті бұл туралы ойлағанда өздерін қолайсыз сезінеді.

Сүйісуді кез келген адам ұната бермейді. Бұл жерде сүйісудің техникасын меңгеру ғана емес, өз серіктесіңіз қандай тәсілді ұнататынын анықтауыңыз қажет. Ал тәсілдер көп және солар жайлы осы мақалада айтып кететін боламыз.

Ұқсас мақала: Сүйісудің пайдасы мен зияны.Сүйісу жайлы мәліметтер

СҮЙІСУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ

  • Ең алғашында, гигиена туралы ойлаңыз. Ауыздан шыққан жағымсыз иіспен, махаббатыңыз ұзаққа бармайды. Сондықтан ең алдымен тістеріңізді мұқият тазалаңыз.
  • Барлығын жоспарлап қойыңыз. Бұл әрине бірінші кезекте жігіттерге қатысты, өтйкені алғашқы қадамды cолар жасауы керек. Егер сүйісетін кез жақындағанын сезсеңіз, оның подъездте емес, саябақта болғаны дұрыс.
  • Әрекетіңізге байсалдылықпен қараңыз. Сүйісу арқылы, жігітіңізге немесе қызыңызға сүйіспеншілігіңіз қаншалықты мықты екенін көрсетесіз.

СҮЙІСУ ТЕХНИКАСЫ

  • Енді процестің өзі туралы айтайық! Еріндеріңізді тигізу үшін, басыңызды серіктесіңізге қарай бұрыңыз. Ерніңіз тиген сәтте, көзіңізді жұмыңыз.
  • Екі-төрт секундтан кейін, ерніңіздің арасында арақашықтық үш-төрт сантиметр болатындай алшақтаңыз.
  • Сүйісіп болғаннан кейін, көзіңізді ақырын ашып, әріптесіңіздің көзіне қараңыз. Бұл өте маңызды! Егер әріптесіңізге ұнаса, онда ол күлімсірейді немесе басын астыға түсіреді.

Ұқсас мақала: Қыз туралы мәліметтер

СҮЙІСКЕНДЕ НЕГЕ КӨЗ ЖҰМЫЛАДЫ?

Сүйісу кезінде, біз автоматты түрде көзімізді жұмамыз. (Кейбір адамдар көзін жаппай, әріптесінің эмоциясын байқап отырады). Бұл – рефлексте емес, әдетте емес. Адамның миы, окситоцин (бақыт гормоны) деңгейі көтерілген кезде, көздің жабылуына бұйрық береді екен. Бұл гормондар сүйісу, құшақтасу, нәзік жанастар кезінде бөлінеді.

СҮЙІСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Адамдар арасында сүйісу қалай пайда болды? Бұл туралы тіпті Платон әр түрлі теориялар жазған. Оның теориясы бойынша ежелде адам допқа ұқсаған және оның екі басы, төрт қолы және төрт аяғы болған. Бірақ адамдардың тәкаппарлығын көріп, Зевс оларды екі бөлікке бөлді (ер және әйел). Платоның айтуы бойынша, екі бөліктің сүйіскен кезде ғана жандары қосылады.

Алғашқы христиандар бір-бірін сүйіп амандасқан. Орта ғасырларда рыцарға арнау сүйіспен аяқталған.

Қалай болғанда да – сүйісудің авторы анықталмаған. Оны телефон немесе радио сияқты ойлап тапқан жоқ. Бірақ сүйісудің көптеген түрлері бар: сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық, және т.б.

Ұқсас мақала: Жыныстық қатынастың пайдасы және зияны

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

  • Тіліңізді серіктесңіздің аузына тым алысқа салмаңыз, бұл оның тыныс алуына кедергі келтіруі мүмкін;
  • Тек ауызбен ғана шектелу керек, оның бетінің барлық жерін сүйіп тастасаңыз, ол адам сізге риза болуы екі талай.
  • Өз сілекейіңізді ұстап тұруыңыз керек, сілекейді минутына бір рет болсын жұтып отырыңыз.

Жүрегіңіз берген кеңеске қарап сүйісіңіз, өз сезімізді шын жүректен білдірсеңіз, барлық ойыңыз жүзеге асады!