Қазақстан – көп ұлтты мемлекет (эссе)

Біздің елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Олар Қазақстанды өз Отаны ретінде санайды.

.jpg

Тәуелсіздік алғаннан бастап, біз әртүрлі этностар арасындағы келісімді сақтай алдық. Ұлтаралық қақтығыстардың орын алуына жол бермедік. Елімізде қазақтардың саны көп болғанымен, біз басқа халықтарды кемітпейміз, керісінше, оларға өз мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасаймыз. Әрбір ұлттың дінін, тарихи мұрасын, және әдеп-ғұрпын құрметтеп, оларға шыдамдылықпен және түсінушілікпен қарауымыз керек. Өйткені, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, мемлекетіміздің ішкі саясатының негізгі бағыты болып табылады.

Сталиндік тоталитарлық режим жылдарында, мыңдаған саяси тұтқындар Қазақстанға жер аударылды. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, Кеңес Одағында тұратын көптеген ұлттар біздің жерімізден баспана іздеді. Қазақ халқы, бұл қиын заманда қонақжайлық танытып, оларды жылулықпен қарсы алды. Барлық қазақстандықтар бір халықтай болып еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін сақтауға ат салысса, мемлекетіміз ары қарай өркендей береді деп ойлаймын.

Халықтарды біріктіру үшін, 1 мамырда – Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл күні – еліміздің барлық қалаларында түрлі іс-шаралар өтіп, басқа этникалық топтар, қазақтарды өз мәдениетімен таныстырады. Осыған орай, мерекелік шерулер, ойын-сауық және спорт шаралары ұйымдастырылады.

Ұқсас: Тәуелсіздік туралы шығарма (эссе)