Жүктіліктің алғашқы белгілері

Жүкті болып қалуды көрсететін көптеген белгілер бар. Жүктіліктің алғашқы белгілері әрбір әйел үшін әр түрлі. Егер сіз бала көтеріп қалсаңыз, сіз осы белгілердің біреуіне тап боласыз.

.jpg

Егер сіздің денеңіз – жүктіліктің ерте белгілері туралы сигналдар беретін болса, гинекологқа барыңыз. Сіз жүктілік тестін жасай аласыз, бірақ ерте кезенде, дәл нәтижені тек қана дәрігер айта алады.

Ұқсас: Қалай бала көтеруге болады? Жүкті болу жолдары

Жүктіліктің ерте белгілері

Іштің төменгі жағының ауыруы

Көптеген әйелдер етеккір қарсаңында осындай сезімдерді сезінеді. Олар бұл ауырсынуды менструация циклінін жақындауы деп ойлап, назар аудармайды. Алайда, бұл ауру күнделікті қайталанған кезде және етеккірдің басталу мерзімі кешігетін болса, әйелдің ойлануы керек. Осы уақытта жүкті болып қалудың салдарынан денеде өзгерістер пайда болады. Іштің төменгі жағының ауруы, жыныстық қатынастан кейін, 3-ші немесе 4-ші күні басталады. Эндометрияға ұрықтанған жұмыртқаны енгізу процесіне тағы екі күн қажет. Бірақ, асқазанның ауыруын әрдайым жүктіліктің белгілеріне жатқыза беріге болмайды, нақты себебін білу үшін дәрігермен кеңескен дұрыс.

Жиі ұйқы келу және шаршау

Бүгінгі күнде көптеген әйелдердің жұмыс күнінің аяғында шаршауы, ешкімді таң қалдырмайды. Бірақ сіз бір апта бұрын демалуға уақыт тауып, күш-қуатыңызды қаллпына келтіре алатын болсаңыз, жүктілік кезінде шаршағандық тек жинала береді. Егер таңертен ұйқыдан ояну қиынға соқса, күндіз жатып демалғыңыз келсе, бұл әйелдің гормоналды фонының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, дене температурасы сәл көтерілуі мүмкін.

Омыраудың үлкеюі.

Емізіктің диаметрі ұлғайып, түсі қараяды. Сөйтіп омырау – болашақ баланы тамақтандыруға дайындала бастайды. Бұл белгі, жүкті әйелдердің 70% – ында кездеседі. Ол тек қана жүктілік туралы ғана емес, сондай-ақ, жақында келе жатқан етеккір жайлы айтуы мүмкін.

Жүрек айнуы

Токсикоз үшін нақты уақыт шектеулігі жоқ, сондықтан жүрек айнуы кез-келген әйелді күннің түрлі уақыттарында азаптай алады. Сонымен қатар, токсикоз бірнеше күн өткеннен кейін де, бірнеше ай өткесін де пайда болуы мүмкін. Көптеген әйелдер жүрек айнуы шабуылдарын, бұрын жақсы көретін иістер тудырды деп айтады.

Жиі зәр шығару

Әйелдер көбінесе бұл симптомды жүктіліктің үшінші триместрінде байқайды. Ұрық үлкейіп, қуыққа қысым жасаған себебінен, дәретханаға жиі барғысы келеді.

Терінің өзгеруі

Кейде әйелдерде, етеккір қарсаңында бетінде былғарылар пайда болады. Егер сізде бұрын ондай болмаса, жүктілік туралы ойлануға себеп бар. Былғарылар әйелдің гормональді фонының өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ бұл симптом барлық әйелдерде кездесе бермейді.

Жүктіліктің ең айқын белгісі – кешіктірілген менструация. Бірақ, етеккір циклінің бұзулуының бірнеше себептері болуы мүмкін болғандықтан, бұл симптомға толығымен сенуге болмайды. Бұл жағдай гинекологқа баруға себепкер болу керек.

Қан және зәр анализдерінің негізінде, жүктілік жайлы білетін боласыз. Нәтижелерді нақты білу үшін, кешіктірілген менструация циклінен кейін, бірнеше күн өткесін жасау керек. Үш апталық кезеңде ультрадыбыспен ұрықты көруге болады.