Қалай бала көтеруге болады? Жүкті болу жолдары

Қазақстанда көптеген әйелдер, ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүр. Өкінішке орай, бедеулік жағдайлары көбейіп келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес бүгінгі таңда жұптардың 10%-ы осындай жағдайға тап болды. Бала көтере алмай жүрген әйелдерге, қалай жүкті болуға болады?

Ең бастысы – қорықпаңыз. Көптеген жұптар, бірнеше ай бала көтере алмаған соң, өздеріне түрлі диагноз қойып жатады. Іс жүзінде бұл жағдай нормаға сәйкес келеді. Бедеулік туралы – бір жыл бойы жыныстық қатынастан кейін жүкті бола алмаған жағдайда ойлану керек.

Бірақ үмітіңізді үзбеңіз. Бала көтере алмау мүмкіндігін төмендететін көптеген факторлар бар, мысалға: созылмалы стресс, дене салмағының төмендігі, жүйелі емес етеккір циклі. Кейде сәтсіздіктің себебі, жыныстық қатынастың сирек болуы. Дәрігерлер ата-ана болу мүмкіндігін арттыру үшін, аптасына кем дегенде 3 рет қатынасқа түсу керек дейді.

Ұқсас: Жыныстық қатынастың пайдасы және зияны

Бір сөзбен айтқанда, өзіңізге «бедеулік» диагнозын бірнеше ай өткесін қоюға тырыспаңыз – алдымен сізге дәрігерге барып, мұқият тесерілу қажет.

БАЛА КӨТЕРЕ АЛМАУ СЕБЕПТЕРІ

  • Тұрақсыз немесе керісінше тым жиі жыныстық қатынасқа түсу – сперматозоидтардың қажетті мөлшерде жиналуына жол бермейді;
  • Әйелдерде жасына байланысты аналық жасушаның ұрықтану мүмкіндігі төмендейді, ал ерлерде сперматозоидтардың саны азаяды;
  • Әйелде жамбас органдарында және урогенитальды жүйеде қабыну үрдістерінің болуы, жұқпалы аурулар, оның ішінде жыныстық жолмен берілетін;
  • Инфекциялардың асқынуы: еркектерде болатын қызамық немесе паротит аурулары, сперматозоидтардың сапасын нашарлатады;
  • Жарақаттардан немесе жасанды түсіктен (аборт) кейін болатын асқынулар;
  • Әйелдерде овуляциямен және ерлерде эякуляциялаудағы қиындықтар;
  • Белгілі дәрі-дәрмектерді қабылдау: анальгетиктер, антибиотиктер, антидепрессанттар және кейбір басқа препараттар қолдану;
  • Артық салмақ немесе әйелдің салмағының төмен болуы;
  • Жаман әдеттер: темекі шегу, ішімдікті, есірткіні және тіпті кофеинді пайдалану жүкті болуға және сау ұрпақ әкелуге кедергі келтіреді;
  • Иммунитеттің төмендеуі және витаминдердің жетіспеушілігі;
  • Стресс.

Ұқсас: Тез арықтау жолдары. Арықтауға арналған жаттығулар

ЖҮКТІ БОЛУ ЖОЛДАРЫ

  • Артынан позасын тандаңыз. Бұл – қарапайым физиология. Бұл позада ер адамның терең енуі қамтамасыз етіліп, жатыр мойынына максималды жақын жерде эякуляция жасалады.
  • Жыныстық қатынастан кейін аяқтарыңызды көтеріңіз. Бұл – тез бала көтеру әдістерінің бірі. Төсекден кетпеңіз, аяғыңызды қабырғаға көтеріңіз және осы күйде жарты сағат бойы жатыңыз. Барлық белсенді сперматозоидтердің кем дегенде біреуі, жұмыртқаның жасушасын кездестіреді деп тілеңіз.
  • 2-3 сағат бойы душ қабылдамаңыз. Жыныстық қатынастан кейін дереу жуыну бөлмесіне асықпаңыз. Сабынмен су, сперматозоидтің қозғалуын тоқтатып, 40 секундтың ішінде оларды толықтай өлтіреді. Душқа кейінірек барыңыз.

ҰЛДЫ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Көптеген адамдар кейбір өнімдер ұл бала көтеруге септігін тигізеді дейді. Дұрыс тамақтану жоспарланған күннен, үш апта бұрын басталуы керек. Ұлды болу үшін сіз балық, банан, шие, кесек, құрғатылған өрік көп жеуіңіз қажет. Тамақ жақсы тұздалған болғаны дұрыс.
  • Оргазм. Бұл тәсіл – міндетті болып табылады. Вагинальды оргазм, қынап ортасын еркектің сперматозоидтары үшін қолайлы етеді.
  • Егер қызды жыныстық қатынасқа жігіт еліктірсе, онда оларда ұл бала туады деген ырым бар. Сондықтан өзіңізді бос ұстап, азғызуға ұшыраңыз.
  • Овуляция сәті неғұрлым жақын болса, жыныстық қатынаспен соғұрлым белсенді айналысу керек: бұл ерлердің ұрығының жұмыртқаға бірінші болып жетуіне көмектеседі.
  • Қытай мәдениеті осы проблеманы шешуге көптеген әдістер ұсынды. Пекин данышпандары соңғы мыңжылдықтың басында арнайы есептеу кестесін жасады. Қай айда ұлды болуға болатынын кестеге сәйкес болжауға тырысқан.

Көптеген ерлі-зайыптылар баланың жынысына қарамай, дені сау балаға қуанышты. Бұл әдістердің ешқайсысы ұлды болуға кепілдік бермейді.