Жақсылық Үшкемпіров жайлы мәлімет

Жақсылық Үшкемпіров – грек-рим күресінен тұңғыш қазақ Олимпиада чемпионы. Ол КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері және Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Атақты балуан 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Чапаев (Тегістік) ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң, Семей зооветеринарлық институтына оқуға түсті. Екі жыл күреспен айналысып, 1971 жылы Қазақ КСР біріншілігін жеңіп алды. Бірақ, төрешілер балуынды кездейсоқ жеңді деп, КСРО чемпионатына қатыстырмай қойды. Бұл оқиға оның грек-рим күресіне ауысуына түрткі болды. Үш жылдан соң, жас балуан Рома Ильматовтың жетекшілігімен КСРО құрамасына қабылданды.

Жақсылық жеті жыл бойы қосалқы құрамда болып, бірінші нөмірлердің тұрақты жұптас-серіктесі (спарринг-партнер) болды. Барлығымен бірге халықаралық жарыстарға дайындалғанымен, Еуропа және әлем чемпионаттарына басқа балуандар барып отырған. Оның Олимпиадаға қатысуы жаттықтырушылар арасында қызу дау тудырған. Ұзақ пікірталастан кейін қазақ балуанының кандидатурасы бекітілді.

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында 48 килограммға дейінгі салмақта 4 жекпе-жек өткізген. Финалда Павел Христовпен кездесті. Болгар балуаны Үшкемпіровтың жоғары жылдамдығына шыдай алмай, 13:7 есебімен ұталып қалды. Осылайша, Үшкемпіровтің есімі грек-рим күресінің әлемдік жылнамасына алтын әріптермен жазылды.

Мансабы аяқтаған соң, ол белсенді түрде қоғамдық жұмыстармен айналысты. 2017 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Әйгілі балуан 69 жасында дүниеден озды.

Ұқсас: Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы мәлімет