Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы мәлімет

Біздің елімізде, әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімін білмейтін адам жоқ шығар. Бұл адам 55 жылдық өмірін классикалық күрес пен цирк өнеріне арнаған. Қазақстандықтар оның жетістіктерін мақтан тұтып, спортшыны әлі күнге дейін құрметтейді.

q

Өмірбаяны

Ол 1871 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 6 жасынан бастап мал бағып, жергілікті көпестер мен байлардың қол астында жұмыс істеген. Бір күні Мұқан, батпаққа батып бара жатқан бұқаны байқады. Ажалы жақындаған жануарға, ешкім көмектесе алмай жатты. Сол кезде, жас жігіт бұқаның денесін арқанмен байлап, өзі жалғыз тартып алып шыққан. Тағы бір оқиға бойынша, бір бай оған құрғақ шөп алып кел деп бұйрық берген. Бірақ, жылқы жолда құлап, орнынан тұра алмай қалды. Қажымұқан оны арбаға салып, ауылға дейін өзі сүйреп алып келген.

1901 жылы Омбы қаласында күрестен жарыс ұйымдастырылды. Осы күнге дейін жеңіліп көрмеген қазақ балуаны, кәсіпқойлармен күш сынасуға шешім қабылдады. Оған қарсылас болып, атақты Андрей Злобин шықты. Тәжірибесі көп болғандықтан, шайқас орыс спортшысының жеңісімен аяқталды. Дегенмен, Мұқанның ерекше талантын байқаған Злобин, оған күреспен кәсіпқой деңгейде айналысуға кеңес беріп, Иван Владимирович Лебедевтің мектебіне түсуге көмегін тигізді. Бұл мектепті екі жылдан кейін аяқтап, 1905 жылы Харбинде өткен жарыста, джиу-джитсу күресінен алтын медаль жеңіп алды.

Түркиядағы болған жарыс кезінде, салмағы 155 килограммды құрайтын Нұрлы есімді балуанды жығып, түрік халқын таң қалдырды. Стамбул қаласының басшысы, Мұқанды өзімен бірге Меккеге қажылыққа алып кетіп, балуан бұл қаладан Қажымұқан деген есіммен оралды. Бұл кезеңде, оған тең келетін қарсылас болмаған.

Жалпы алғанда, барлық жарыстардан 48 медаль ұтып алған. Алайда, қазіргі уақытқа дейін бұл медальдердің ешқайсысы жеткен жоқ. Себебі, Қажымұқан өз ұтыстарын мұқтаж адамдарға таратып отырған, ал олар оны қажетті тауарларға айырбастап, күн көрген.

1927 жылы Кеңес Үкіметінің бұйрығымен оған «Қазақ халқының батыры» атағы берілді. Ұлы Отан соғысы кезінде, цирк қойылымдарында өнер көрсетіп, жиналған қаражатқа Амангелді Имановтың есімімен аталған соғыс ұшағын құрастырды.

Қ.Мұңайтпасов 1948 жылы қайтыс болды. Ол халық арасында спорттық жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ, өзінің жомарттылығымен ерекшеленген. Қазақ күресінің тарихында, бұл адамның есімі алтын әріптермен еңгізілген.

Ұқсас: Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет